ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Суббота, 16 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ais_media ais_media
26.02.2024
Аймақ
0
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында айтқан маңызды міндеттерін іске асыру және мемлекеттік бағдарламаларды халыққа жан-жақты түсіндіру мақсатында Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық-насихаттық топтың тұрғындармен кездесуі өтті.
Келелі жиынға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов модераторлық етті.
Алқалы басқосуға Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан облыстық полиция департаментіне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Абзал Аитов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Алмас Бағдатов, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы Айбек Тағай, Сайрам аудандық Мансап орталығы филиалының «Кәсіпкерлікті қолдау және еңбек нарығының ұтқырлығын арттыру» бөлімінің басшысы Азамат Сыдықұлы, сондай-ақ психологтар, БАҚ өкілдері қатысты.
Сансыз бабтар мекені Сайрамдағы кездесуге келген халық көп мағлұматқа қанықты. Кездесу барысында жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Басқосуда Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов бұл жиынның берері мол екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Атап айтсақ, ҚХА-ның жұмысына белсенді түрде атсалысуды, ҚХА-ның өкілдерімен тұрақты жұмыс кездесулерін өткізуді тапсырған болатын. Осы мақсатта бүгін өздеріңізбен бас қосып отырмыз. Баршаңызға мәлім, Президентіміздің саяси реформаларының нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы халықтың тұрмысын жақсартуға үлкен қолдау жасалып отыр. Кәсіп ашамын, жұмыс істеймін деген азаматтарға мемлекет тарапынан жеңілдетілген 2,5% несие, қайтарымсыз грант, жұмыссыздарды қоғамдық жұмыспен қамту, «Серпін», «Жастар практикасы» сияқты шарапаты мол бағдарламалар бар, — деді Созақбай Исаұлы.
Сондай-ақ жиын барысында синтетикалық есірткінің ағзаға зияны мен әсері, «Синтетикалық есірткіні қолданатын адамды қалай тануға болады», «Жасөспірімдер арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу», «Білімді ұрпақ — жарқын болашақ кепілі», Экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық алдын алу және сақтандыру бағыттары, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен еңбек күші тапшы солтүстік өңірлерге қоныс аудару, Ұлттық жоба шеңберінде көрсетілетін белсенді жұмыспен қамту шараларының басым бағыттары талқыланды. Аталған тақырыптар төңірегінде жауапты сала жетекшілері мазмұнды баяндама жасады, ал тұрғындар өзекті мәселелерге қатысты сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева тұрғындардың талап-тілегі тиісті мекемелер тарапынан ұдайы назарда болатынын айтып, мұндай кездесулер жүйелі жалғасатынын жеткізді.
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

КЕНТАУДА «ЕГЕМЕНДІ ЕЛ ЕРТЕҢІ – АЙБЫНДЫ ЖАСТАР» ШАРАСЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
КЕНТАУДА «ЕГЕМЕНДІ ЕЛ ЕРТЕҢІ – АЙБЫНДЫ ЖАСТАР»  ШАРАСЫ ӨТТІ

КЕНТАУДА «ЕГЕМЕНДІ ЕЛ ЕРТЕҢІ – АЙБЫНДЫ ЖАСТАР» ШАРАСЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.