Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі — терроризмге қарсы комиссия аппаратының жетекшісі Абулхайров Илхамның төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті жиыны өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, жүргізіп отырды.
Түркістан облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бас инспекторы Арман Бақытжанұлы, облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, бөлім басшысы Ғани Оңалбекұлы мен аудан әкімдігі жанынандағы терроризмге қарсы комиссиясның жұмыс тобының мүшелері және құзырлы мекеме өкілдерінің қатысуымен өткен жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
Атап айтсақ, аудан бойынша бүгінгі таңдағы діни ахуал және жеке оңалту шараларының барысы жайында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Раймқұлов хабарласа, аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия қызметінің жұмыс барысы және осы бағыт бойынша биылғы жылға арналған жұмыс жоспары туралы Созақ ауданы әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы, аудандық терроризмге қарсы комиссия хатшысы Ұлжан Жақсылыққызы баяндады.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар ортаға салынып, кең көлемде талқыланды. Сондай-ақ, осы бағытта атқарылар тиісті шараларды тұрақты түрде іске асыру арқылы ТҚК жұмыстарының сапасын арттыру мәселелері де қозғалды.
Сонымен қатар, ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі — терроризмге қарсы комиссия аппаратының жетекшісі Илхам Абулхайров бастаған жұмысшы топ өкілдері аудан орталығындағы орталық мешітте аудан имамдарымен кездесу өткізді.