Түркістан облысы Арыс 1 станциясының желілік полиция бөлімі қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылдың 19-21 күндері аралығында «Anti-fraud» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
-Бұл іс-шара ақпараттық технологияларды қолданумен жасалған құқық бұзушылықтармен, сондай-ақ кибер алаяқтықпен күресудің тиімділігін арттыруға бағытталған.
-Алаяқтық дегеніміз – бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап келе жатқан қылмыстардың түрі. Ол қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Соған орай, алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді.
-Интернет-алаяқтық деп – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерге барады.
-Елімізде көп кездесіп жүрген алаяқтық түрлеріне: интернет-дүкенмен байланысты алаяқтықтар, фишинг, интернет арқылы қайыр сұрау, телефон-алаяқтық, SMS-алаяқтық және интернет-банкинг арқылы жасалатын қылмыстар жатады.
Арыс 1 ст. ЖПБ қызмет көрсету аумағында интернат-алаяқтарын байқасаңыз тез арада 102 немесе «5-35-29» телефон нөмеріне хабарласып құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. Бұл мәліметтердің бәрі біздің алаяқты табуымызға көмектеседі.
Арыс 1 ст. ЖПБ КПб-нің жедел уәкілі полция майоры Т.Н.Рахимов