Сарыағаш аудандық полиция бастығы Е.Бейсебаев 2023 жылы атқарылған жұмысы бойынша халық алдында есеп берді.Қазіргі таңда полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстың жолын кесу және орын алған құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қарқынды жұмыстар атқаруда.
Атап айтқанда жүргізілген профилактикалық жұмыстары нәтижесінде қылмыстың едәуір төмендегенін байқауға болады. Мәселен, 2023 жылдың 12 айында қызмет саласы бойынша «Құқықтық тәртіп», «Автобус», «Тасымалдаушы», «Түнгі қаладағы балалар», «Браконьер», «Тұрмыс», «Абайлаңыз балалар», «Борышкер», «Мигрант, заңсыз келуші», «Есептегі элемент», «Қауіпсіз жол», «Учаске», «Қару», «Жол көлік оқиғасынсыз бір ай» атты жедел профилактикалық іс-шаралары және «Зорлық зомбылықсыз 16 күн», «Сіздің учаскелік полиция инспекторыңыз» атты акциялары өткізілді , — деді полиция бастығы .
Кездесуде түрлі пікірлер ортаға салынып нәтижесінде тәртіп мен халық арасында тығыз байланыс орнап, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыспен күресуде және өзіне міндеттелген жұмыстарды атқаруда полиция мамандарының қабілеті толық жететіндігіне сенім білдірілді.