Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аудан көлеміндегі пробация есебінде тұрған азаматтармен «Діни экстремизмнің алдын алу» — тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев, Шардара аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі С.Естаев қатысты.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығаруүшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет. Діни экстремизм дегеніміз — саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсеткісі келетінін айтып өтті.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев: діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығаруүшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет екенін жеткізді.
Шардара аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі С.Естаев: Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасының басты қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Құқық қорғау органының негізгі қызметі — құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс — әректтер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде құқықтық тәлім — тәрбие беру. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», — деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды деп сөзін қорытындылады.
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселерін зерттеу орталығы» КММ-нің мамандары дайындаған кітапшалар таратылды.