Түлкібас аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция майоры Бекарыс Сұлтанов халыққа есеп берді. Шараға аудан әкімінің орынбасары М. Жанесен, прокурор Н.Асқанбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Танатбаев, жеке құрам қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің басшысы Бекарыс Талғатұлы баяндама жасап, 2023 жылдың 12 айында аудан полиция қызметкерлерінің атқарған жұмыстарының оның ішінде қылмыстардың азаюына тоқталып өтті. Мәселен, Түлкібас ауданы бойынша 2023 жылы жалпы қылмыс саны 10% -ға азайған. Өз сөзінде полиция бастығы өткен жылы қару қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың да мүлдем тіркелмегенін атап өтті.
Баяндамадан соң жиынға қатысушы тұрғындар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Аудандық полиция бөлімінің басшысы Б.Сұлтанов сауалдарға толығымен жауап беріп, кейбір мәселелер алда шешімін табатынын жеткізді.