Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара қаласы Әуе қорғаныс күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері 10216-Е әскери бөлімінің қызметкерлерімен «Суицидтің алдын алу», «Құмар ойындардан аулақ болу», «Отбасы құндылығы сарқылмас қазына», — тақырыбында кездесуге рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы 3-ші сыныпты сержанты Б.Акмаев, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров қатысты.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Отбасы — адам баласының өсіп — өнер, қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы. Отбасы құндылықтарының бірі — жанұядағы адамдардың бір — біріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы, махаббаты. Отбасының негізін, шындығында, махаббат сезімі құрайды. Бұл дегеніміз отбасы мүшелерінің бір — біріне көңіл бөлуі, қамқорлық жасауы, қолдау көрсетуі және отбасы мүшесін қандай кемшілігімен болса да қабылдай білу. Бақытты отбасына байланысты тағы бір құндылықтың бірі — жауапкершілік. Жауапкершілік әр отбасы мүшесінің отбасы өміріне өзара қатысуы мен қосқан үлесінен тұрады. Міне осындай принциптерге негізделген отбасы тату, кикілжіңді бірге отырып шешетін, психологиялық тұрғыда сау азаматтарды өсіріп шығарады.
Суицид туралы шариғат заңдарында адамға өзін — өзі өлтіруге рұқсат етпейді. Және де суицидтің жалпы шыққан тарихы, термин болып қалыптасуы, түрлерге бөлінуі және ол дерттің алдын алу туралы толықтай мағлұмат берді. Проблеманың шешімін Ислам дінінен іздеген мақұл. Өйткені Жаратушы Иеміз өз құлдарының жағдайын кез келген пендеден әлдеқайда жақсы біледі. Адам баласына ненің пайда, ненің зиян екенін де Алла тағаладан артық білер ешкім жоқ. Ислам дінінің суицидтке деген көзқарасы, ол іс әрекеттің үлкен күнә және де қиын жағдайға тап болған кезде қол сілтемей, мықты жігерлік ұстану қажет екенін жеткізді.
Құмар ойынға бой алдырғандардың аяттағы сипаты адамның намазына сүлесоқ қарап, қажыр — қайратын өзіне зиянды істерге жұмсай бастауы болып табылады. Ойынға араласқан әр ойыншының мақсаты — жеңіске жету. Ал, жеңіс бір адамға ғана бұйырады. Демек, құмар ойынның кесіренен бірнеше адам ашуға булығып, шайтанның арбауына түседі. Қазақ «жығылған күреске тоймайды» дегенді бекер айтпаса керек. Ұтылған адам жеңістен үміттеніп жүріп ойынхананың тұрақты келушісіне айналғанын да аңдамай қалады, барынан айыралады, қарызға батады. Ақыры соңында отбасынан, ағайын — туыстан қара үзіп, аш — жалаңаш қалады деп сөзін қорытындылады.
Кездесу соныңда түрлі сұрақтар қойылып, қанағаттанарлықтай жауаптар берілді.