Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИДАЙҒА ОРАҚ ТҮСТІ
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИДАЙҒА ОРАҚ ТҮСТІ

    12.07.2024
    Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 873 мың гектарға егілді. Оның ішінде жаздық дақылдар – 497 мың гектар, күздік егіс – 202 мың гектар, ескі жоңышқа 175 мың гектарға егілген.
    Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданына барып, осы саладағы жұмыстарды бақылады. «Қазығұрт Агро» ЖШС-нің егіс алқабын аралап, бидай ору барысын көрді, шаруалармен, сала басшыларымен пікір алмасты, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz.
    Егістік басында Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов пен Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың есептері мен баяндамалары тыңдалды. «Қазығұрт Агро» ЖШС-нің басшысы Ержан Көбеев биылғы жұмыстары туралы айтып берді. 483 гектар жердің 350 гектарына бидай егілсе, қалғанына өзге өсімдіктер егілген. 4 адам тұрақты жұмыспен, 10 адам маусымдық жұмыспен қамтылған.
    Облыс Түркістан облысының негізгі драйверлерінің бірі ауыл шаруашылығы саласы екенін атап өтті. Су үнемдеу технологияларын енгізу, жаңа тәсілдерді қолдану, егістікті әртараптандыру, жұмысты жүйелеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мәселелері бойынша ой қозғап, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
    Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 29,7 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінген. Бүгінгі күнге 12,6 мың тонна дизель отыны тауар өндірушілерге босатылды. Сондай-ақ жиын терім жұмыстарына 23,3 мың тонна жанар-жағармай бөлінді, босату жұмыстары 1 аптада басталады.
    88,3 мың тонна тыңайтқыш құнын субсидиялауға облыстық бюджеттен 7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Сатып алынған отандық тыңайтқыштар құнының 60 %-ы, шетелдік тыңайтқыштардың 50 %-ы субсидиялануда. Шаруалар жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген. Егіске қажетті 7,8 мың тонна масақты дақыл, 1,5 мың тонна мақсары, 2,6 мың тонна мақта және 1,5 мың тонна жоңышқа, 0,9 мың тонна жүгері тұқымдары пайдаланылды. Тұқым шаруашылығы қолдауға облыстық бюджеттен 600 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге 122 млн. теңгеге мақта, жүгері тұқымдары субсидияланды.
    Облыстың климаттық ерекшелігіне орай, республикада алғашқы болып 282 мың гектарға егілген астықты ору науқаны басталды. Гектар түсімділігі 19 центнер болып, 534 мың тонна дән жинау күтіліп отыр. Бүгінгі күнге жоспарланған егіс көлемінің 39 мың гектары орылып, 80,0 мың тонна астық қамбаға құйылды.
    Айта кетейік, биыл 3,1 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналады деп күтіліп отыр. Бүгінгі күнге 740,0 мың тонна өнім жиналды. Атап айтқанда, 418 мың тонна көкөніс, 113 мың тонна бақша, 206 мың тонна картоп және 3,0 мың тонна жеміс-жидек теріп алынды.
    Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Түркістан облысына 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланған. Биыл жаңадан 22,0 мың гектарға су үнемдеу технологиялары орналастырылады. Жарты жылда 11,2 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді. Су үнемдеу технологияларының қол жетімділігін арттыру бағытында жергілікті 2 кәсіпорын іске қосылды.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.