Мемлекет басшының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тапсырмасын орындау аясында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, Қытай Халық Республикасынан келген инвестициялық жоба жетекшілермен кездесті. Кездесуде аудан әкімі, ауданның экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық екенін айтып, инвестиция тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілу қажет екендігін алға тартты.
Кездесу барысында Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлар басшыға аудан аумағынан зауыт ашуға ниетті екендіктерін жеткізді. Аудан басшысы тарапынан инвесторларға:
-Көкөніс сақтау қоймасын салу;
-Жүн-тері өңдейтін;
-Қатты тұрмыстық заттарды қайта өңдеу зауытын салу бойынша тиісті ұсыныстарды айтты, сондай-ақ біздің аймақ Түркменстан, Тәжікстан, Израйль, Араб тіпті Африка елдерінің қақпасы болып түрған үлкен дәріз екендігін атап өтті..
— Аудан экономикасын дамыту үшін инвестиция тартудың маңызы зор. Себебі инвестиция – ел экономикасының темірқазығы, еліміздің жаhандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кілті болып табылады. Бұл кездесудің де негізгі мақсаты инвестициялық жобаларды іске асыру, жұмыс барысында туындайтын проблемалық мәселелерді, сондай-ақ ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту үшін қажетті шараларды талқылау,- деді аудан басшысы.
Айта кетсек, ауданға инвесторлар тартылып, жаңа нысандардың ашылуы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық мәселесін шешуге де өз септігін тигізеді.