Ауыл Қазақстан халқының арқа тірер сүйеніші, тіпті тмірқазығы десек те болады. Ауылдың құт берекесі жайлы, жұрттың өзегін талдырмас өзектілгі жайлы, халықтың өсіп-өніп өркен жаятын, өркениетке жететін түп тамыры екенін айтып келеміз. Қалда тұрып, әлемдік өркениетке аяқ басқанымызбен, ауылдан алыстап ешқайда кетпейтініміз анық. Сол үшін де атақты «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы іске қосылған болатын.
Ауылды жерлерді жаңартып, әлеуметтік негізін жақсарту мақсатында «Ауыл — ел бесігі» жобасы басталған болатын. Аталған бағдарлама қолға алынғаннан бері еліміздің түкпір-түкпірінде ауылдарды жаңарту жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Осы жоба аясында қаншама жолдар салынды, қаншама үйлер тұрғызылды…
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Бүгінгі таңда бетондарын құю жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімі Жандос Тасов құрылыстың алғашқы жұмыс барысын бақылады. Бұл ауыл тұрғындарының көптен күткен нысаны болғандықтан сапасы маңызды екенін атап өтті. Жұмыс барысы ұдайы бақылауда болатынын жауаптыларға ескертті.
Мәдениет үйі екі қабаттан тұрады. Ішінде 300 адамға арналған көрермен залы, 85 адамға арналған клуб кешені, әкімшілік-шаруашылық бөлімдері орналасады.
Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталып, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, ауыл тұрғындар біраз жылдан бері ауылға мәдениет үйінің қажет екенін ұсынып келген. Биыл республикалық бюджеттен қаржы қаралып, өзекті мәселенің шешімі табылды.
Айта кетерлігі, еліміздегі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауылдардағы тұрмыс-тіршілікті жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар шалғай ауылдарды да аудан стандартына сай әрі модернизацияға лайық етіп, жаңа бір деңгейге көтеру мақсатын көздейді. Жаңа жоба шеңберінде жастар жұмылып жұмыс істеп, ауылдарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытуға ат салыса алады. Ауыл тұрғындарының материалдық әл-ауқатын көтеру үшін кәсіпкерлердің де үлесі зор болмақ.Осындай мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылып отыр:
• ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
• әлеуметтік аймақтарға білімді мамандар жіберу;
• ауылдағы жас кәсіпкерлерді қолдау.
«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы 2020-2025 жылдары аймақтарды дамытуға бағытталған. Бағдарламада ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту және ауылдарды үлкейту үшін бірнеше бағыт қарастырылған.