ОТЫРАР: КӨКСАРАЙЛЫҚТАР ТУҒАН ЖЕРДІ ТҮЛЕТУГЕ ҮЛЕС ҚОСЫП КЕЛЕДІ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Четверг, 21 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ОТЫРАР: КӨКСАРАЙЛЫҚТАР ТУҒАН ЖЕРДІ ТҮЛЕТУГЕ ҮЛЕС ҚОСЫП КЕЛЕДІ

ais_media ais_media
23.07.2024
Аймақ
0
ОТЫРАР: КӨКСАРАЙЛЫҚТАР ТУҒАН ЖЕРДІ ТҮЛЕТУГЕ ҮЛЕС ҚОСЫП КЕЛЕДІ
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Ауыл – қазақтың қасиетті құт мекені, қайнар көз, алтын бесігі. Киелі қазақ даласы ғасырлар бойы халықтың өзегін талдырмады. Өсіп-өнуіне мүмкіндік берді. Бүгінде өркениетті ел болып, даму жолын қаладан тапқанымызбен, ауылдың алар орны ерекше.
Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс өресін көтеру үшін қолға алынған «Ауыл — ел бесігі» жобасы қарқынды жұмыс істеуде.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету және тұтастай алғанда өмір сүрудің қолайлы ортасын құру бойынша бірқатар міндеттер шешілетін болады.
Ауыл, туған жер дегенде, «Туған жерге туыңды тік» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ұядан қияға ұшып, ат жалын тартып азамат боп кетсе де, туған жерге деген құштарлық сезім әркімнің ет жүрегінде от болып алаулап тұратыны айдан анық.
Көксарай ауылында ауыл азаматтарының демеушілігімен іске асып жатқан игілікті істер сөзіміздің дәлелі болары сөзсіз. Ауыл орталығынан «Көксарай» естелік саябағы мен спорт кешенін салуға дәнекер болған азаматтардың ісіне ауыл халқы дән риза.
Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жұмыс сапары барысында Көксарай ауыл округінде демеушілер есебінен іске асып жатқан нысандарды аралап, игі іске қолдау көрсеткен кәсіпкерлермен кездесті.
«Көксарай» естелік саябағының аумағы 0,26 гектарды құрайды. «TOLAGAI-2050» ЖШС директоры Жанысбеков Оразханның демеушілігімен салынып жатқан саябақ құрылысы 2024 жылы басталған. Аталған орын ауыл тұрғындары үшін рухани-танымдық маңызы бар орталық болмақ. Сонымен қатар ауыл тұрғындары көптен күткен «Толағай» спорт кешені де ауыл азаматы Нүркен Есмурзаевтың қолдауымен бой көтеруде. Ауыл балаларының бос уақытын тиімді пайдалана отырып олардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мақсатында салынған кешеннің құрылысы 2023 жылы басталған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 90 пайызға жуғы аяқталып, жуық арада ел игілігіне беріледі деп күтілуде.
Аудан басшысы игі істердің басында жүрген ауыл азаматтарына шынайы алғысын айтып, туған жерді түлетуге атсалысқан жандарға ризашылығын жеткізді.
Мұнан соң ауыл шаруаларын ағын сумен қамтамасыз ететін «Көксарай» каналында болып, өзекті мәселелермен танысты. 1968 жылы салынған каналдың сыйымдылығы 1,5 куб. Аралау барысында «Көксарай» каналына тоспа салу, «Есіркеп» каналына механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу, «Сулы» каналының насосын жаңарту секілді мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, Көксарай ауыз су бекетінің жағдайымен танысып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесуде тұрғындары тарапынан термалды жылы суды мұздату құрылғыларын орнату, Шеңгелді елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін жөндеу секілді өтініштер айтылды.
Аудан әкімі көтерілген мәселелерді саралап, заң шеңберінді тиісті жұмыстарды атқаруды жауапты сала басшыларына тапсырды.
Сонымен бірге, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының жұмыс сапары Аққұм ауыл округінде жалғасын тапты. Аудан әкімі алдымен Аққұм ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының құрылыс жұмыстарымен танысып, ауыл ақсақалдарымен кездесті.
Аққұм ауылдық дәрігерлік амбулаториясының құрылысы ағымдағы жылдың маусым айында басталған. Құрылыс басқармасының тапсырысы негізінде салынып жатқан нысанның іргетасын құю жұмыстары атқарылуда. Мердігер мекеме «Real Story Invest» ЖШС өкілдерінің айтуынша нысанның құрылыс жұмыстары желтоқсан айында толық аяқталады деп күтілуде.
Аудан басшысы аталған нысанның ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы зор екендігін айта келе, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу керектігін атап өтті.
Мұнан соң Аққұм ауылындағы ауыз су жүйесінің құрылысымен танысып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Елді мекендегі ауыз су жүйесі тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы жүргізілген болатын. Аталған нысан бүгінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Аудан әкімі көтерілген мәселе кезек күттірмейтін өзекті мәселенің бірі екенін айтып, жауапты сала мамандарына заң аясында тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 АЙДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 927,6 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖЕТІП, ӨСІМ БАЙҚАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

САЙРАМ: «АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
САЙРАМ: «АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

САЙРАМ: «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.