Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасының ауданда жүзеге асуы бойынша жиналыс өткізілді.
Жиынға ауыл шаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіп кешен субьектілерін несиелендіруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бауыржан Қалданов, «Түркістан ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлыбек Исаев, «ОҢТҮСТІК» АИО ЖШС-нің басқарма төрағасы Айса Шырақбаев, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бекзат Абубакиров және «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушы ауылдық округ әкімдері, кооператив төрағалары, ауыл шаруашылығы бөлімінің және ауылдық округінің мамандары қатысты, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz.
“Ауыл Аманаты” пилоттық жобасы бойынша ауыл халқының кірістерін арттыру және ауқымды түрде қолдану үшін ауылдарға микрокредиттер беру бағдарламасы аясында жоғарыдағы аталған азаматтар өз салалары бойынша мағлұмат беріп, жобаның талаптары мен шарттары туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Биыл ауданнан осы жобаға қатысушы ретінде Үшқайық, Иассы, Жаңа Иқан, Шаға ауылдық округтері таңдалып отыр.
«Ауыл аманаты» жобасы — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешу мақсатында жүзеге асады. Жоба арқылы ауыл азаматтары кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала отырып, техниканы лизингке рәсімдеуге мүмкіндік алады. Несие немесе микронесиенің мерзімі — 5 жыл болса, мал және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобаларға 7 жылға дейін беріледі. Несиенің ең жоғары соммасы қолданыстағы заңнама бойынша анықталады.
«Ауыл Аманаты» жобасын қаржыландырудың негізгі бағыттары:
1) өңдеу саласына байланысты жобалар;
2) Өсімдік шаруашылығын дамыту;
3) ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау;
4) мал шаруашылығын дамыту;
5) басқа бағыттардағы бизнес жобалар;
Несиенің негізгі шарттары:
1) микрокредит мерзімі 5 жылға дейін; мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;
2) шағын несиенің ең жоғары сомасы-ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда 2,5 АЕК (8.6 млн теңге), зәкірлік кооперация-шағын және орта шаруа (фермер) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 млн теңге) дейін;
3) сыйақы мөлшері жылына 2.5 пайыздан аспайды;
Несиелік талаптар:
1) қарыз алушы дара кәсіпкер ретінде тіркелуге тиіс;
2) басқа кредиттер бойынша мерзімі өткен жарналардың болмауы;
3) мемлекеттік кірістер органдарында берешектің болмауы;
4) кепілмен қамтамасыз ету;
5) зейнеткерлік жасқа толмаған;
6) Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың (жер учаскесінің, сарайдың) болуы.

Айта кетейік, жобаға қызығушылық танытқан ауыл тұрғындары толық ақпаратты аудандық «Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына» жүгініп, нақтылай алады.