ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ СҮТ ЖӘНЕ ЖЕМІС, КӨКӨНІС ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАР ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ҚАМТЫЛУДА — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Вторник, 21 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ СҮТ ЖӘНЕ ЖЕМІС, КӨКӨНІС ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАР ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ҚАМТЫЛУДА

ais_media ais_media
06.08.2024
Аймақ, Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ СҮТ ЖӘНЕ ЖЕМІС, КӨКӨНІС ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАР ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ҚАМТЫЛУДА
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Сайрам ауданында Түркістан облысының бірқатар өндіріс орны шоғырланған. Ауданға жұмыс сапарымен барған Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды «TAYIBA» сүт өңдеу зауытының жай-күйімен танысты.
Бұл зауыт бастапқыда үй жанындағы шағын цех ретінде ашылып, сүттен 5 түрлі ғана өнім шығарып жүрген. Кейін кәсіпорын иесі цехты кеңейтуді қолға алған. Ақсукент ауыл округіндегі кәсіпорын кеңейтіліп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылып, биыл шілде айында іске қосылған. 50 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын бұрын күніне 10 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығарған. Бүгінде әлеуеті көтерілді. Сұраныс болса, тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдей алады. Қазіргі таңда мұнда сүт өнімдерінің 10-12 түрін шығарылуда. Айран түрлері мен қаймаққа, құртқа сары май және өзге де өнім түрлері қосылған. Өндірістегі барлық құрылғылар мен құрал-жабдықтар Ресей, Қытай және Түркия мемлекетінен жеткізілген. Шикізат жергілікті шаруалар және фермерлерден және аудан тұрғындарынан жиналып алынады. Дайын өнімді ішкі нарыққа өткізеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Өндірістің барлық кезеңдері автоматтандырылған жүйелер мен заманауи жабдықтардың көмегімен бақыланады. Өндірісте сүтті қайнатып, өңдейтін вакуумдық цифрландырылған құрылғы қойылған. Өнімдер мұздатқыш камераларда сақталады.
Өңір басшысы осындай зауыттар мен цехтарды көбейтіп, ауылдарды осы зауыттарға шикізат жеткізуге мамандандыру қажет екенін айтты.
– «Ауыл аманаты» және өзге де қолдау тетіктері бар. Тұрғындарға түсіндіріп, көмектескен жөн. Сүтті, етті, көкөніс пен жемісті терең өңдейтін зауыттар көп болса, өңірдің өндірістік әлеуеті көтеріледі. Екіншіден, аулы тұрғындары да өз өнімдерін тиімді бағада өткізе алады, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға терең өңдеуге бейімделген кәсіпорындар ашуға басымдық беруді тапсырды.
Жұмыс сапары барысында облыс басшысы «GLOBUS PLUS» ЖШС ауыл шаруашылығы көкөніс өңдеу цехымен танысты. Бұл кәсіпорын кәсіпкердің жеке қаржысы және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кеңейтілген. Жоба құны – 500 млн теңге. Қуаттылығы тәулігіне 20,0 тонна болатын өндіріс орнында 20-дан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы көкөніс пен жеміс-жидек консервілерінің түр-түрін шығарады. Шикізат көршілес елдерден бөлек, жергілікті шаруа қожалықтары мен аудан тұрғындарынан жиналып алынады. Дайын өнімді ішкі нарыққа өткізеді. Автоматтандырылған жүйелер мен заманауи жабдықтар орнатылған. Өндірісте көкөністер мен жеміс-жидектер қазандықтарда газбен қайнатылып, жұмысшылар күшімен банкілер жабылады.
Облыс әкімі цех ғимаратында өндіріс көлемін ұлғайту және осы бағытта жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарымен танысты. Жауапты басшыларға, аудан әкіміне кәсіпкерлерді қолдап, сүйемелдеу жұмысын жүргізу жөнінде тапсырма берді. Аймақта өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «ҚЫЛУЕТ» РУХАНИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шымкент қаласының белсенді волонтерлары мен волонтерлік ұйымдарының назарына! 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Шымкент қаласының белсенді волонтерлары мен волонтерлік ұйымдарының назарына! 

Шымкент қаласының белсенді волонтерлары мен волонтерлік ұйымдарының назарына! 

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • Есірткісіз болашақ!

    Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.