Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»«ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!»: ЖАСТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОН КҮНДІК БАСТАУ АЛДЫ
    Аймақ

    «ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!»: ЖАСТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОН КҮНДІК БАСТАУ АЛДЫ

    06.08.2024
    Бүгінде еліміздегі әрбір үшінші тұрғын «жастар» санатына жатады екен. Қазақстанда «жастар» санаты кеңейіп, қазір 14 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар «жастар» болып саналады. Осылайша жастар ел халқының 30 пайызға жуық үлесін алып отыр.
    Жастар – елдің белсенді буын өкілдері. Қарап тұрсаңыз, жастар өмірдің қозғаушы күші іспетті. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегендей болашағын ойлаған мемлекет бүгінгі жастардың жағдайын тасада қалдырмаса керек.
    12 тамыз — Халықаралық жастар күні. Бұл мерекеде жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жер жерде түрлі іс-шаралар қолға алынады. Осылайша әлем халықтарының жастары бұл күні ерекше атап өтуді жөн көреді. Бұл мерекені атап өтуден шымқала да құр алақан емес екен.
    Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағулова «Жастармен бірге!» жастар күні шеңберінде өтетін онкүндік жоспарын баяндап, брифинг өткізді.
    3-15 тамыз аралығында өтетін әр күн нақты атаумен бекітілген. Осы ретте мереке аясында түрлі ағартушылық іс-шаралар, көрмелер мен флешмобтар ұйымдастырылады. Жастар қоғамның барлық саласынан көрініп, белсенділіктерін көрсетуге мүмкіндік туады.
    – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында экологиялық мәдениетті дамыту, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында «Jasyl Marathon’24» экоплоггинг ұйымдастырылып, қаламыздағы Қошқар-Ата мен Бадам өзендерінің бойларында, тарихи-мәдени объектілер мен ескерткіштердің аумақтарына тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпы, қаламыздағы барлық сенбіліктерге, тазалық науқандарына қала жастары белсенді қатысуда. Экологиялық жағдайды жақсартуға және жастарды қоғамдық пайдалы істерге тартуға бағытталған бүкіл республикалық «Жасыл ел» жастар жасағы құрылып, басрлық науқандарға белсенді қатысып жүр. Сонымен қатар, «Денсаулық – зор байлық» күні аясында денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жастар денсаулық орталықтарында ашық есік күні ұйымдастырылып, офтальмолог, эндокринолог, кардиолог, хирург/травматолог, гинеколог, окулист, невропотолог және стоматолог сынды бірнеше дәрігерлерден тегін кеңес алып, тексеруден өтетін болады. Сонымен қатар «Өзгеге өмір сыйла» деген ұранмен қан тапсыру жоспарланып, 60-қа жуық қаланың ерікті жастары қан тапсыруға өтініш білдірген. Жастар келешегіміздің негізі ретінде білімділігімен, жасампаз еңбегімен, күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Алдағы уақытта жастардың ғылым-білімге негізделген жобалары қолдау тауып, игі бастамалары өз жалғасын табатынына сенімдіміз, – дейді Айгерім Абдуохапқызы.
    Он күндік тақырыптары ауқымды екен. Қала жастарының арасында білім құндылықтарын, зияткерлікті дамыту, ғылымды зерделеу ету мақсатында OTYRAR ТК-да «ОЙғаБАЙ Show» зияткерлік-ойын-сауық бағдарламасы да осы он күндік аясында өткізілмек.
    «Мейірімділік мекені» күні аясында қайырымдылықты қолдау, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік идеяларын ілгерілету мақсатында Қарттар үйінде 7-тамыз күні концерттік бағдарлама өтеді.
    Ал, 8-тамыз – «Адал Азамат» күні аясында жастардың коммуникациялық дағдыларын дамыту, инновациялық әлеуетті қолдау мақсатында «Қазақстан жастары» қоғамдық пікірін өлшеу қорытындыларын таныстыру форматындағы сараптамалық пікірталас, жастарға мотивациялық кездесулер өтеді.
    Іс-шаралар тізімінде жастардың басты мәселесі жұмыссыздық та тасада қалмапты.
    9-тамыз күні «Еңбек бәрін де жеңбек» күні аясында «Enbek Fest’ 24» жастар бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.
    10-тамыз «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атауымен ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттау, ұлттық сананы нығайту мақсатында әлеуметтік желілерде челлендждер өткізіледі. Сондай-ақ, нашақорлықтың, лудоманияның және вандализмнің таралуының алдын алу мақсатында «Qorǵan’24» жастардың ақпараттық рейді өтеді. Он күндік 12-тамыз күні «Жастармен бірге!» open air форматында концерттік кешпен аяқталады.
    Қорытындылай келе, аталмыш іс-шаралар тізбегі жастардың әлеуетін толық іске асыру, сондай-ақ жастарға жол көрсету, қоғамдық-мәдени іс-шараларға белсенді атсалысуын насихаттау мақсатында сондай-ақ қала жастарына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында өткізіледі.
    «Шымкент келбеті»
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.