ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН «УЗТЕКСТИЛЬПРОМ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Вторник, 13 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН «УЗТЕКСТИЛЬПРОМ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ais_media ais_media
07.08.2024
Аймақ, Жаңалықтар, Экономика
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН «УЗТЕКСТИЛЬПРОМ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Бүгін Астанада Өзбекстан Республикасының Президенті Шавхат Мирзиеевтің Қазақстанға ресми іссапары аясында «Қазақстан-Өзбекстан» бизнес форумы өтіп жатыр. Көршілес елдің әлеуетті кәсіпкерлерімен тікелей байланыстар орнатылуда. Екіжақты келісімдер жасалып, сауда байланысын жандандыру мәселелері талқыланып жатыр. Форумға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров қатысып, баяндама жасады.
– Түркістан облысы республикамызда Өзбекстанмен шекаралас орналасқан, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Инвестициялық және туристік потенциалы өте жоғары. Өзбекстан мен Түркістан облысы арасында сауда қатынасы жақсы дамыған. Өткен жылы тауар айналымы 422 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт көлемі 253 млн. АҚШ доллары, импорт 169 млн. АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты. Екі ел ынтымақтастығы аясында Түркістан облысы Ташкент, Хорезм, Ферғана, Жизақ, Сырдария және Самарканд облыстарымен меморандумдарға қол қойылғанын атап өткім келеді. Түркістан облысы құрылғаннан бастап экономикаға жалпы 4,3 трлн. теңге инвестиция тартылып, 200-ден астам жоба іске қосылды. Қосымша 1,7 трлн. теңгеге 8 818 жаңа жұмыс орны ашылатын ТОП-20 ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Екі елдің туризм саласын дамытуға барлық мүмкіндігі бар. екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін жоғарыда аталған алаңшаларда агроөнеркәсіптік кешені, тоқыма және жібек кластері, тамақ және машина өндірісі, қайта өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ жаңартылған энергия көздері және туризм салалары бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға шақырамын, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Облыста сауда, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыС және тағы басқа салада Өзбекстан капиталының қатысуымен 40-қа жуық компания жұмыс істейді. Бірнеше маңызды жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда «Global Textile» ЖШС Мақтаарал ауданында тоқыма кластерін құру, «Meat Magnat» АӨК Сайрам ауданында бордақылау алаңын салу, «Qazaq Zhibek» қауымдастығы Жібек кластерін құру. Қазіргі таңда облыс аумағында 297 000 түп тұт ағашының көшеттері егілді. Жобаларды іске асыру өз кезегінде облыс экономикасына 65 млн АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестиция тартып, 2 050 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Түркістан облысында стратегиялық және экономикалық тұрғыдан аса маңызды, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамытуға мүмкіндік беретін – «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы» құрылуда. Түркістан қаласы аумағында 30 гектар алқапта шағын өнеркәсіптік парк салынуда. Парктің ерекшелігі кәсіпкерлерге дайын өндірістік ғимараттар ұсынылады. Бүгінгі таңда жобаның І кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылды. Қосымша ІІ және ІІІ кезеңдерінің құрылысы басталды. Бұдан бөлек аумағы 2 субаймақтан тұратын «TURAN» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл аймақта қатысушыларға салықтан босату, кедендік жеңілдіктер және инфрақұрылымы бар жер телімдерін қоса алғанда, ерекше құқықтық режим ұсынады.
Форум барысында Түркістан өңірінің атынан облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров пен «Узтекстильпром» қауымдастығының төрағасы Мирмухсин Сұлтанов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұдан бөлек «ҚАЗАҚ ЖІБЕК» қауымдастығыӨзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Жібек және жүн өнеркәсібін дамыту комитеті Жібек кластерін дамыту жобасын бірлесіп жүзеге асыру бойынша 2024-2029 жылдарға
инвестициялық келісімшарт жасасты. Ал «Юпитер-М» ЖШС мен «Самарқанд ирригация жүйесі» ЖШС арасында дәнді дақылдарды өсіруге арналған суды үнемдейтін (жаңбырлататын) технологиялар мен суспензияларды енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан бизнес форумның мақсаты сауда-экономикалық серіктестікті нығайту, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнату және сауда қатынастарын жандандыру, екіжақты кездесулер өткізу.
Алдыңғы мақала

Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда айналымын $10 млрд жеткізуді көздейді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

МАҚТААРАЛДА АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДЕП, МОЛ ӨНІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
МАҚТААРАЛДА АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДЕП, МОЛ ӨНІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДЕП, МОЛ ӨНІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңа білім үлгісі,жаңалықтың жаршысы-ҚазҰУ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ШЫМКЕНТ – ҚАУІПСІЗ ҚАЛА БОЛУЫ КЕРЕК

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.