Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

    07.08.2024
    Түркістан өңірінде жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен өтініштердің қаралуы талданып, әрбір өтінішке баса назар аударылады. Бүгінде тиісті жұмыстарды жүргізу үшін облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне тапсырмалар берілген. Ай сайын облыс әкімі аппараты тарапынан мониторинг жүргізіледі. Өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің мәліметінше, биылғы І жартыжылдық қорытындысымен жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 30 мыңнан астам жолданым түскен. Барлығы заң аясында қаралып, басым бөлігі шешімін тапқан. Нәтижесі бойынша тиісті шаралар қаралған. Қолайлы әкімшілік акт қабылданып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес шешім шығарылған.
    Мемлекет Басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында өңір тұрғындарына Түркістан облысының әкімі бекіткен кестеге сәйкес жеке қабылдау өткізіледі. Облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы айына бір реттен қабылдап отырады. Жыл басынан бері жалпы 1 мыңға жуық азамат жазылған. 45 қабылдау өткізілген. Оның ішінде облыс әкімі жеке мәселелері бойынша 20-дан астам қабылдау өткізіп, түркістандықтарды тындады. Жеке қабылдауда болған азаматтар түрлі салаға қатысты 564 мәселені көтерген. Өтініш берушілердің белсенділігінің көрсеткіші жоғары аймақтар Мақтаарал ауданы, Түркістан қаласы, Сайрам және Сарыағаш ауданы. Көтерілген мәселелердің дені жер қатынастары, білім және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, әлеуметтік және жұмыспен қамтуға, инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығына қатысты. Несие мен қайтарымсыз грант, кәсіпкерлік туралы да жұмыс реттілігі түсіндірілді. Ал сирек түсетін сұрақтар қатарында спорт, мәдениет және экология салалары бар. Өткізілген жеке қабылдаулардың қорытындысы бойынша облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктерінің тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде азаматтардың мәселесі оң шешілген.
    Айта кетейік, облыс әкімі аппаратының жанынан ашылған Азаматтарды қабылдау орталығы өткен жылы іске қосылды. Маңыздылығы халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге оң серпін береді. Онда мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен орынбасарларының жеке қабылдауларына жазылып, кезектілік ретімен өзінің мәселелерін ашық және тікелей бөлісу мүмкіндіктері қарастырылған. Осыған орай, Әкімдік тарапынан өңірлік аудан, қалалардағы осындай орталыққа келген азаматтар «ХҚКО» АЖ бірыңғай электрондық кезегіне тіркеледі.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.