ЖЕТІСАЙ: ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА МОБИЛЬДІ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ КЕШЕН СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Вторник, 19 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ЖЕТІСАЙ: ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА МОБИЛЬДІ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ КЕШЕН СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

ais_media ais_media
07.08.2024
Аймақ, Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ: ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА МОБИЛЬДІ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ КЕШЕН СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамның ең әлсіз әрі қорғансыз бөлігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ерекше күтімді қажет ететін және қиын тұрмыстық жағдайында қалған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға ерекше назар аударудың қажеттілігін айтып, бірқатар нақты тапсырмалар да берген болатын.
Берілген тапсырмаларды жүзеге асыруда Жетісай ауданы әкімінің бастамасымен ауданда ілкімді істер жүзеге асырылып, күндіз болу орталықтары оңды нәтижелерге қол жеткізуде. Аталмыш орталықтар мемлекеттік қолдаулармен қатар демеушілер есебінен де қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылуда.
Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың жеке қабылдауында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үміт ұясы» күндіз болу орталығында ем қабылдаушы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан түскен өтініштер негізінде «САБИ» қайырымдылық қорының демеушілігімен құны 3 млн теңге болатын «Экзороллер» мобильді реабилитациялық кешені сыйға тартылды.
БЦП мен ми, жұлын жарақаттары, параплегия мен бұлшықет дистрофиясы, Ретт синдромы секілді тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың тиімді құралы саналатын «Экзороллер» аппаратына деген қажеттілікті көтергендердің алғашқысы орталықта қызмет алушы Арафат Шаймерденнің анасы Айжан Егізбаева болды. Өйткені, бірнеше рет жүргізілген медициналық тексерулер өздігінен жүріп-тұра алмайтын ұлына аталмыш аппараттың тиімділігін көрсеткен.
«Бұл аппараттың тиімділігін бізге еліміздің бірнеше мықты дәрігерлері айтты. Әйтсе де, бағасының қымбаттығы қолбайлау болды.
Мәселенің мән-жайын айтып аудан басшысының жеке қабылдауына кіріп едік, шұғыл іске кірісті. Тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, ұлымды толық медициналық тексеруден өткізді. Бірнеше қайырымдылық қорларына хаттар жазылып, «САБИ» қоры демеушілік жасады. Бүлдіршіндеріміздің болашағына бей-жай қарамай, қайырлы іске атсалысқан барша азаматқа шынайы алғысымды айтамын» дейді Айжан Егізбаева.
Бүгінде «Үміт ұясы» күндіз болу орталығында балалардың жасына қарай ыңғайластырылып жабдықталған ойын, демалу, қабылдау бөлмелері мен балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдар, сауықтыруға арналған медициналық заманауи кабинеттер жұмыс істейді. Қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсетуге жауапты психолог, логопед, дефектолог, дене шынықтыру және музыка мұғалімдері, емдік дене шынықтыру мен емдік терапия жөніндегі нұсқаушылар, массаж жасау жөніндегі мейіраға мен мейірбике, тәрбиешілер қызмет көрсетеді.
«2018 жылы жұмысын бастаған орталықтың 10-нан астам қызмет алушысы бүгінде өздігінен жүріп-тұру мүмкіндігіне ие болып, мектеп табалдырығын аттағандары да бар.
Мүгедектігі бар балалар және психологиялық мүгедектігі бар балаларды жалғыз қалдырмай мүмкіндігінше оларға жақындарының көмегін, айналасындағылардың тұрақты байланысын қамтамасыз етіп отырмыз. Балалардың ата-анасы, туыстары психолог мамандарымызбен тығыз байланыста болып, баланың қалыпты дамуына ықпал етіп келеді» дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбеков.
Сонымен қатар аудан басшысы оңалту орталығының жұмысымен танысып, қызмет алушы бүлдіршіндердің ата-аналарымен тілдесті. Мүгедектігі бар балалардың қабілеттерінің дамуына әсер етіп, шығармашылық және қарым-қатынастық қасиеттерін дамыту, балаларды әлеуметтік ортаға және өзара құрбы-құрдастарының арасына бейімделуіне ықпал ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын беріп, емдік-сауықтыру шараларына қажетті кез-келген көмекке қолұшын созатындығын жеткізді.
Алдыңғы мақала

САРЫАҒАШТЫҚ КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДА ӨНДІРІС ОРНЫН АШУҒА НИЕТТІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДА ӨНДІРІС ОРНЫН АШУҒА НИЕТТІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДА ӨНДІРІС ОРНЫН АШУҒА НИЕТТІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.