Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

    09.08.2024
    Түркістан қаласында ерекше балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылады. Орталықта аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға түрлі қызмет көрсетілмек. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы барып, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
    Ғимарат 2018 жылы салынған. Жөндеу жұмыстары бекітілген бірыңғай дизайн концепциясына сәйкес жүргізіліп жатыр. 1 қыркүйекте аяқталып, қазан айында ашылады деп жоспарлануда. Жалпы алаңы 2 118 шаршы метр. Жоспарлы төсек орын саны – 110 орындық. Жабдықтармен және жиһазбен материалдық-техникалық жарақтандыру «Samruk-Kazyna Trust» КҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылады. «Қамқорлық Қоры» КҚ – жобаның бастамашысы, мамандарды оқытуды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Негізгі бағыты – 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі аутизм және басқа да психикалық ауытқулары бар, мүгедектігі барға түрлі бейінді мамандардың қызметтерін көрсету. Оның қатарында АВА-терапия, сенсорлық интеграция, балама коммуникация, эрготерапия, кинезиотерапия бар. Сонымен қатар 100-130 штаттық бірлікпен қамтылады деп жоспарлануда.
    Түркістанда Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты арнайы орталықтар жұмыс істейді. Облыс әкімінің орынбасары әлеуметтік мекемелерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Қызмет көрсету сапасын арттыруды пысықтады. Қосымша метариалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін оңтайлы шешу үшін тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды.
    Стационарлық үлгідегі қызмет көрсететін №1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жоспарлы сыйымдылығы 510 орын. Орталық созылмалы жүйке ауруларымен ауратын (ақыл-есі кемістігінің әр түрлі, шизефрения, қояншық, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы т.б.) жасы 18-ден асқан I, II топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған. Жарты жылда 509 қызмет алушы қамтылған. Оның ішінде 299-ы ер, 200-і әйел кісілер. Ғимарат 1976 жылы салынған, қазір орташа жағдайда.
    Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жартылай стационарлық үлгідегі қызмет көрсетеді. Жоспарлы сыйымдылығы – 60 орын. Мұнда 1,5 жастан бастап, 18-ге дейінгі I, II топтағы психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек қимыл аппараты бұзылған балаларды күндізгі уақытта оңалтуға арналған. Бір қабатты ғимарат 2001 жылы, ал үш қабатты 2014 жылы салынған. Жыл басынан бері 103 қызмет алушы қамтылған. Балалардың күнделікті денсаулық жағдайын невропатолог және балалар дәрігерлері тексеріп, физиоемдер береді. Сонымен қатар, логопед маман ымдау тілі, тыныс алу артикуляциясы бойынша және зондпен жұмыстар жүргізеді. Бекітілген Стандартқа сәйкес, арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі бойынша кепілдендірілген қызмет көлемі көрсетіледі.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.