Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

12.08.2024
Су тасқынына қарсы дайындық шаралары Түркістан облысында тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстар белгілеген жоспар бойынша іске асырылып жатыр. Оның барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде жан-жақты талқыланды. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, жұмыстарды ширатуды тапсырды. Тапсырманы орындамаған аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма өздеріне жүктелген міндетті орындап, қауіпсіздік шараларын күшейтуді ескертті.
– Апаттың алдын алу жұмыстары тоқтамау керек. Қажетті құрал жабдықтар мен техникалармен қамтамасыз етілді. Сондықтан
су арналарының ағымдағы жөндеуі мен механикалық тазалау жұмыстарын кестеге сәйкес аяқтау қажет. Су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті шаралар өз мерзімінде орындалып, облыс аумағындағы бөгеттерді нығайту, арықтар мен каналдар жүйелерін тазалау жұмыстарын бақылауда ұстау керек, – деді Дархан Сатыбалды.
Су ресурстары және ирригация министрлігімен «2024-2028 жылдарға су тасқынына қарсы Жол картасы» әзірленуде. Жол картасы су саласын цифрландыру, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері үшін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу және неғұрлым үнемді ауыл шаруашылығы дақылдарына көшу жөніндегі іс-шараларды көздейді. Құжатта су ресурстарын тұтыну мәдениетін енгізу қарастырылып, еліміздің су саласының барлық бағыттарын қамтиды.
Мәжілісте Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешевтің баяндамасы тыңдалды. Айтуынша, жалпы тасқынға қарсы 110 мың дана қап, 8 мың тонна жанар — жағар май қоры мен мен тұрғындарға қажетті тамақ өнімдері мен ауыз су қоры әзірлеу бойынша меморандум жасалып, 296 бірлік инженерлік техника әзірленген.
Мәжілісте сондай-ақ өңірдегі білім ұяларының ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы, құрылысы жүргізіліп жатқан жайлы мектептердің құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Облыс басшысы сапаны сақтап, бекітілген мерзімде барлық жұмыстардың аяқталуын ескертті.
Бүгінде 300-ден астам білім беру ұйымдары жөнделіп жатыр. Оның ішінде балабақша, мектеп және колледждер де бар. Жалпы облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасымен тозығы жеткен немесе апатты жағдайдағы білім ұяларын реттеу, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр.
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп салу жоспарланған.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.