Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Жетісай ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-100 «Мырзакент-Жетісай» автомобиль жолынының 36-69,3 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары Жетісай қаласы, Жылысу, Талапты, Атамекен, Мақташы, Теміржол, Мақталы елді мекендері аралығын қамтиды.
Қазіргі таңда мердігер мекеме «APK Stroy Group» ЖШС тарапынан жолдың ескірген асфальт жабынын алу жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжаттамаға сәйкес, тазаланған жол бөлігіне 2 қабат асфальтобетон жабынын салу және ескірген су өткізгіш құбырларды ауыстыру, таңбалау және аяқжол салу жұмыстары қаралған. Нысан 2025 жылға өтпелі.