8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы атынан қала тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыстады.
«Құрмет» орденімен марапатталғандар:
Зайда Жайсанова – қазақ мектептерінің дамуына және неміс тілін оқытуға үлес қосқан еңбек ардагері.
Татьяна Лесова – спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, жоғары санатты жаттықтырушы, КСРО чемпионы және Олимпиада жүлдегері.
Қала кәсіпорындарындағы еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалі:
Ольга Дрофа – «Алматыжылукоммунэнерго» кәсіпорнының химиялық су тазарту жөніндегі маманы.
Ирина Хасанова – «ALMATY MAI» зауытының цех басшысы.
«Шапағат» медалімен 30 жылдан астам уақытын әлеуметтік жұмысқа арнаған, есту қабілеті бұзылған жандарды қолдау қорының жетекшісі Аманбике Ерғалиева марапатталды.
Бұл әйелдер – ісіне адалдық пен елге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі!
Алматының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз және құттықтаймыз!