ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВТІҢ ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Понедельник, 18 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВТІҢ ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ais_media ais_media
12.03.2025
Аймақ
0
ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ӘНШІ СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВТІҢ ӘН КЕШІ ӨТТІ
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің облыс тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдаулары басталды. Өңір басшысы алғашқы кездесуін Түркістан қаласында өткізіп, аймақты дамыту барысы туралы баяндады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың «Мәдениет орталығы» ғимаратында өткен жүздесуде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың өтініштері мен ұсыныстарын тұрақты түрде тыңдауды тапсырды. Сондықтан өзім қызметке тағайындалғаннан бергі халықпен алғашқы кездесуімді киелі Түркістан қаласынан бастауды жөн көрдім. Тек қазақ халқының емес, түркі әлемінің астанасы болған Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуы біз үшін өте маңызды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына қол қойып, шаһарды, өңірді дамыту міндетін жүктеді. Өтініштер мен ұсыныстарыңызды мұқият тыңдаймыз. Көкейде жүрген мәселелерді елмен бірге талқылап, шешімін табу біз үшін өте маңызды. Мемлекет тарапынан Түркістанға үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң өсім бар. Аймақта жалпы өңірлік өнім көлемі былтыр 452,6 млрд. теңгені құрап, 22 пайызға өсті. Өнеркәсіп өнімі көлемі 34,8 млрд. теңгеге жетіп, 107 пайызға орындалды. Инвестиция көлемі 400 млрд. теңгені құрап, 20 пайызға артқан. Өзіндік кірістер 59,4 млрд. теңгені құрап, 20 пайызға ұлғайды. Салықтық түсімдер 39 млрд. теңгені құрап, 20 пайызға артты. Аймақта өндіріс орындарын ашу, өзіндік кіріс көлемін ұлғайту, инвестиция тартуға басымдық беріліп, тиісті жұмыстар жалғасады, – деген Нұралхан Көшеров жұртшылықты «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдап, тазалыққа, көгалдандыруға үлес қосуға шақырды.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының өткен жылғы көрсеткіштер мен алдағы жоспарлары жөніндегі есебінен кейін сұрақ-жауап кезеңі басталды.
Тұрғындар жол, кәріз жүйесі, баспана, жер, мектеп, кәсіпкерлікке қолдау және өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Инфрақұрылым, әлеуметтік түйткілдерді тарқатты. Өтініштер мен сұрақтар бақылауға алынып, тиісті жұмыстар атқарылады.
Кездесуден соң аймақ басшысы Түркістан қаласының тұрғындарын жеке қабылдап, талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар сан түрлі мәселелерді ортаға салды. Көпшілікті тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу және коммуналдық мәселелер толғандырды. Азаматтарға баспана алу заңдылығы түсіндіріліп, жұмыстар ұсынылды. Кейбір мәселе сол мезетте шешілді. Көтерілген әрбір мәселе жіті зерделеніп, тек заң шеңберінде шешімін табады.
Айта кетейік, облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің облыс тұрғындарымен кездесулері барлық аудан, қалада жалғасын табады. Жеке қабылдауға «еOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы мақала

ШЫМКЕНТ – АЛЫП ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ: ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА «МАХАББАТ СЫРЫ» АТТЫ МУЗЫКАЛЫҚ-ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ТҮРКІСТАНДА «МАХАББАТ СЫРЫ» АТТЫ МУЗЫКАЛЫҚ-ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «МАХАББАТ СЫРЫ» АТТЫ МУЗЫКАЛЫҚ-ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.