Алматыда Ұлттық құрылтай бастамаларын іске асыру талқыланды — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Среда, 20 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда Ұлттық құрылтай бастамаларын іске асыру талқыланды

ais_media ais_media
22.03.2025
Жаңалықтар
0
Алматыда Ұлттық құрылтай бастамаларын іске асыру талқыланды
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Алматы әкімі Ерболат Досаев сарапшылармен, Алматы қаласы мәслихатының депутаттарымен, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық кеңес пен Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесу өткізді. Басқосуда 2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы жариялаған негізгі бастамаларды тиімді жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Ерболат Досаевтың айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы баяндамасы жан-жақты, ол экономика мен әлеуметтік саясатты, сондай-ақ қазақстандық қоғамның рухани дамуын қамтитын маңызды салаларды қозғайды.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 40 жылдығына орай ел дамуының төрт стратегиялық бағытын айқындады. Олар: цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту, энергетика, агроөнеркәсіптік секторды қолдау және адами капиталдың сапасын арттыру. Жиынға қатысушылар бұл басымдықтардың Алматыда қалай жүзеге асатынын талқылады.

Ерболат Досаев қала экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету, әлеуметтік өзгерістердің берік негізін қалыптастыру, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және заманауи инфрақұрылымды дамыту үшін қолға алынып жатқан жүйелі шаралар туралы айтты.

Оның айтуынша, Алматы елдің экономикалық орталығы. Қала ұлттық экономиканың 20%-дан астамын қалыптастырып, Қазақстанның барлық кірісінің төрттен бірін қамтамасыз етеді. «Алматы – тәуелсіздігіміздің алтын бесігі ретінде ел Президенті тарапынан ерекше назар аударылып отыр. Мемлекет басшысы қаланы жетекші мегаполис ретінде дамыту бойынша ауқымды міндеттер қойды», – деді Ерболат Досаев.

Қалалық әкімдік алдына қойылған негізгі міндеттің бірі – IT секторы мен креативті индустрияны дамыту. Бүгінде Алматы елдегі IT қызметтерінің 52%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр, бұл жаңа экономиканың басты қозғаушы күшіне айналуда.

Әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты негізгі екпін денсаулық сақтау саласына қойылды. 2025 жылы бұл салаға бөлінетін қаржы 26%-ға артып, 70,5 млрд теңгеге жетеді. Жоспарға сәйкес, 28 жаңа медициналық нысан, оның ішінде ауруханалар, перинаталдық орталықтар және емханалар салынады. Сондай-ақ, мамыр айында Орталық Азиядағы жетекші медициналық зерттеу алаңы – Ұлттық жұқпалы аурулар ғылыми орталығы ашылады.

Қоғамдық кеңес отырысында сарапшылар Мемлекет басшысы жариялаған негізгі бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

«Ұлттық құрылтай ел алдына ғылым мен технология саласында биік мақсаттар қойды. Бұл тұрғыда Алматы – Қазақстанның ірі білім және ғылым орталығы ретінде ерекше рөл атқарады. Қалада 50-ден астам жоғары оқу орны, жетекші зерттеу институттары мен зертханалар шоғырланған. Бірақ осы әлеуетті сақтап қана қоймай, ғылым мен бизнестің интеграциясын күшейту керек. Ғалымдардың зерттеулері нақты секторда қолданылуға тиіс. Бұл бағытта ғылыми-зерттеу кластерлерін құру – маңызды қадам», – деді Ұлттық құрылтай мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

Ұлттық құрылтай мүшесі, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев Ұлттық құрылтайды тек пікірталас алаңы ғана емес, Қазақстанның саяси жаңғыруының құралы деп атап өтті.

«Алматы елдегі ең ірі мегаполис ретінде тарихи тұрғыдан қоғамдық белсенділік пен азаматтық бастамалардың орталығы. Біздің міндет – осы әлеуетті сақтап қана қоймай, билік пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін жасау. Мемлекеттік басқарудың ашықтығы, қоғамдық бақылауды күшейту және саяси мәдениетті арттыру – бұл мәселелер ұлттық деңгейде де, Алматы үшін де өзекті. Қала жаңа демократиялық басқару стандарттарын енгізудің үлгі алаңына айнала алады», – деді Андрей Чеботарев.

Жиында экология мәселесі де қозғалды. Сарапшылардың айтуынша, «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Алматы – біздің ортақ үйіміз» кең ауқымды экологиялық науқаны маңызды рөл атқарады.

«Президент экологияны қорғауды негізгі басымдықтың бірі ретінде белгіледі, ал Алматы осы бағытта нақты қадамдар жасауда. «Алматы – біздің ортақ үйіміз» бағдарламасы аясында соңғы екі жылда 400 мыңнан астам ағаш отырғызылды, коммуналдық инфрақұрылым жаңартылып жатыр. Биылдың өзінде  қоқыс тасымалдаушы көліктер паркі 60%-ға жаңғыртылды. Сонымен қатар, қоқысты бөлек жинау жүйесі енгізіліп жатыр, бұл экологиялық жауапкершілігі жоғары қоғам қалыптастыру үшін маңызды қадам. Бұл шаралар нәтижесін бере бастады, ал жүйелі жалғасы қаланың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді», – деді Алматы Қоғамдық кеңесінің төрайымы, «Ақпараттық-ресурстық орталық» қорының директоры Алтынай Көбеева.

Жиынды қорытындылаған Ерболат Досаев қойылған міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін мемлекеттік құрылымдардың, сарапшылар қауымдастығының және азаматтық қоғамның белсенді өзара іс-қимылы қажет екенін атады.

 

Алдыңғы мақала

Қасым-Жомарт Тоқаев этноауылдағы қолөнер жәрмеңкесін аралап көрді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен тойлануда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Алматыда Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен тойлануда

Алматыда Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен тойлануда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.