Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өтіп жатқан «Заң және тәртіп» апталығы аясында ІІМ Басқару академиясының ашылуына қатысты — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Среда, 20 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Басты ақпарат

Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өтіп жатқан «Заң және тәртіп» апталығы аясында ІІМ Басқару академиясының ашылуына қатысты

ais_media ais_media
24.06.2025
Басты ақпарат, Жаңалықтар, Қоғам
0
Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өтіп жатқан «Заң және тәртіп» апталығы аясында ІІМ Басқару академиясының ашылуына қатысты
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жарияланған «Заң және тәртіп» апталығы аясында Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының ашылуы өтті.

Премьер-министр Олжас Бектенов құттықтау сөзінде жаңа оқу орны Президенттің қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті жаңғырту жөніндегі жүйелі саясатының аясында жүзеге асырылып отырған аса қадам екенін атап өтті.

Соңғы жылдары ағымдағы сын-қатерлерге қарсы күресті күшейту бағытында нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды, киберқауіптерге және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша мамандандырылған бөлімшелер ашылды, цифрлы инфрақұрылым мен талдамалық база нығайтылып жатыр.

«Академияның құрылуы – Мемлекет басшысы жариялаған құқық қорғау жүйесінің даму жолындағы елеулі кезең. Біздің міндетіміз – кадрлық әлеуетті нығайту арқылы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу. Институционалдық реформалар құқық қорғау органдарының сервистік моделін дамытуға ықпалын тигізеді. Президент ұсынған басым бағыт – азаматтардың қауіпсіздігі және “Заң және тәртіп” қағидатын қамтамасыз ету», —

деп атап өтті Олжас Бектенов.

Президенттің тапсырмасы бойынша іске қосылған құқық қорғау органдарын қайта жаңғырту – стратегиялық ойлай алатын басқарушылар буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ технологиялық новацияларды енгізу құралдарын кеңейтіп, жаһандық цифрландыру және жасанды интеллектіні жаппай енгізу жағдайында көшбасшылық пен бәсекеге қабілетті жұмыстың заманауи тәсілдерін меңгеруге жол ашады.

Академияның ашылуы барысында Олжас Бектенов сонымен қатар оқу орны инфрақұрылымымен, және құқық қорғау органдары қолданатын заманауи технологиялармен, атап айтқанда цифрлы зертхана, цифрлы шешімдер аудиториясы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жасанды интеллекті көмегімен талдау, кіріктірілген радар орнатылған патрульдік автомобильдерді қашықтан бақылау платформасы, роботтандырылған техника, «ақылды көзілдірік» және басқа да озық технологиялармен танысты. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Премьер-министрге ведомствоаралық жоғары академиялық курс тыңдаушыларын сынақтан өткізу нәтижелерін көрсетті.

Академия бағдарламасы басқару құзіреттілігіні дамытуға, заманауи тәсілдерді меңгеруге бағытталған. Жыл сайын мұнда басшылық құрамды даярлау бағыттары бойынша 100-ден астам адам, сондай-ақ магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 30 адам білім алады. Бүгінде Академия ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінен тыңдаушылардың алғашқы легін дайындауды бастады.

ІІМ Басқару академиясының ашылуына Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жоғарғы Сот Кеңесі, министрліктер, әкімдіктер басшылығы, Парламент депутаттары, ІІМ Қоғамдық кеңесінің мүшелері, ІІМ жүйесіндегі ЖОО басшылығы мен оқытушылары, салалық ведомстволардың шетелдік делегациялары, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, сондай-ақ жеке сектор өкілдері қатысты.

@KZgovernment

Алдыңғы мақала

Қазақстанда “Заң мен Тәртіп” жаңа цифрлық сервисі іске қосылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

По поручению Президента Олжас Бектенов принял участие в открытии Академии управления МВД в рамках недели «Закон и Порядок»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өтіп жатқан «Заң және тәртіп» апталығы аясында ІІМ Басқару академиясының ашылуына қатысты

По поручению Президента Олжас Бектенов принял участие в открытии Академии управления МВД в рамках недели «Закон и Порядок»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.