Шымкент қаласы аумағындағы жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бұл ретте Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабында бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары сәтті атқарылды.
Аталған жөндеу жұмыстары жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, көлік қатынасын жеңілдетуге, қауіпсіз әрі ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған.
Жөндеу жүргізілген көшелердің қатарында:
• Исмайл ата көшесі
• Бозжоға көшесі
• Фурхат көшесі
• Назан ата көшесі
• Қ.Құдайберген көшесі
• Б.Садықов көшесі
• Б.Садықов 5-көшесі
• Абдуллаев көшесінің жалғасы
Жалпы, 32 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол төсемелері жаңартылып, қажетті учаскелерде жаяу жүргіншілер жолы мен жол белгілері де ретке келтірілуде.
Бұл жұмыстар — қала тұрғындарының игілігі үшін қолға алынған ауқымды шаралардың бір бөлігі. Қазіргі таңда қаланың барлық аудандарында жол сапасын жақсарту, инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Алдағы уақытта да Қаратау ауданы аумағында, соның ішінде Сайрам тұрғын алабында да жол жөндеу және абаттандыру шаралары өз жалғасын табады.
Тұрғындар тарапынан келіп түскен ұсыныстар мен сұраныстар ескеріліп, көше-жол желісін жақсарту жұмыстары тиісті жоспар аясында жүргізілуде.
Шымкент қаласының дамуы — бірлескен еңбектің нәтижесі.