Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді» — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Суббота, 25 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Басты ақпарат

Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді»

ais_media ais_media
23.09.2025
Басты ақпарат, Жаңалықтар, Саясат, Экономика
0
Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді»
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірдегі экономикасы ең қуатты ел ретінде Орталық Азияға Америка бизнесінің инвестициясын тарту және олардың кәсіп аясын кеңейту ісінде жетекші рөл атқаруға дайын екенін жеткізді.

Бұл бағыттағы күш-жігерге С5+ және B5+ форматындағы тұрақты ынтымақтастық тың серпін бере алады.

Президент дөңгелек үстел қатысушыларына елімізде жүзеге асырылып жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы мәлімет берді.

– Қазақстан білім мен инновацияға арқа сүйеген экономика құруды мақсат етеді. Бұл ретте цифрлық трансформацияға баса мән беріледі. Еліміздің экономикасы өңірдің өркендеуінде негізгі рөл атқарады. Қазақстанның мұндай биікті бағындыруына Америка бизнесі айтарлықтай үлес қосты. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикалық өсімі 6,5 пайызды құрады. Біз дамудың жоғары қарқынын сақтай отырып, ауқымды саяси-экономикалық реформалар жүргізуге ниеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жүзеге асырылып жатқан жұмыстың барлығы Қазақстанның тікелей шетел инвестициясына тартымдылығын арттыруды көздейтінін айтты. Сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың негізгі бағыттарына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұрыннан екіжақты ынтымақтастықтың негізі саналатын энергетика секторын алғашқы басымдық ретінде атады.

–Chevron және ExxonMobil компанияларының соңғы 30 жылда елімізге қомақты әрі табысты инвестиция салғанын мойындаймыз және жоғары бағалаймыз. Аймақтағы геосаяси дүрбелеңдерге қарамастан, олардың еліміздегі қызметіне қатысты ешқашан күмән туған емес. Еліміздің экономикасын жаңғыртуда, озық технологиялар енгізуде, экономикалық әлеуетіміздің орнықтылығы мен қуатын арттыруда сіздердің Қазақстандағы қызметтеріңіздің жағымды әсері болды. Біз Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ мұнай кен орындарындағы америкалық серіктестерімізбен конструктивті ынтымақтастықты одан әрі жалғастырамыз. Өзара серіктестігіміз алдағы уақытта да әділ әрі екі тарапқа тиімді нәтиже әкелгенін қалаймыз. Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»

Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • Есірткісіз болашақ!

    Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.