МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Четверг, 18 декабря, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ais_media ais_media
17.12.2025
Жаңалықтар
0
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Ақордада өткен салтанатты жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтті.

– Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Президент ресурстарды үнемдеп пайдаланудың маңыздылығына да тоқталып, азаматтарды осы мәселеге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

– Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Соның бәрін үнемдеп, ақылмен пайдаланған абзал. Бұл – тұтас экономикаға ортақ талап. Ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Халқымыз «Үнемшілдік – ырыстың кілті» деп бекер айтпаған. Біз осы қасиетті ұлттық дағдымызды қоғамда мүлдем жаңа мәдениетке айналдыруымыз керек. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз – еліміздің энергетикалық дербестігінің мызғымас кепілі. Әділетті, таза, қуатты Қазақстанда өздеріңіз сияқты еңбек адамдары ең жоғары сый-құрметке лайық, – деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы атом станциясының құрылысын бастау туралы стратегиялық шешімнің маңыздылығына назар аударды.

– Балқаш атом электр станциясының құрылысы, одан кейінгі салынатын екінші АЭС Қазақстанның энергетикалық әлеуетін арттыратыны сөзсіз. Бұл ядролық энергетика саласында жаңа бағыттардың дамуына септігін тигізеді. Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы ел экономикасының жаңа әрі сапалы деңгейге көшкенін білдіреді. Дүние жүзінде болып жатқан ауқымды өзгерістердің энергетика саласына ықпал ететіні сөзсіз. Әлемде қуат көздеріне қызу тартыс жүріп жатыр, бұған дайын болуымыз қажет. Мемлекет энергетика мамандарының жаңа буынын даярлап, саланың әлеуетін арттыра береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміздің экономикасын және инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріп, энергетика саласын түбегейлі жаңғырту қажеттігін атап көрсетті.

– Біз заманауи өндіріс орындарын ашып, жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам басты. Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылды, жақында америкалық технология бойынша жасалған суперкомпьютер іске қосылды. Жаһандық үрдістерге сай жаңа «дата-орталықтар» салынып, «бұлтты» инфрақұрылым қалыптасады. Мұның барлығы энергетика саласы үшін үлкен сынақ болмақ. Сондықтан осы маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін энергетика саласын түбегейлі жаңғырту қажет, – деді Президент.

Алдыңғы мақала

ҮКІМЕТ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУДА: ҚАЗАҚСТАНДА МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ КӨЛЕМІ 12%-ҒА ҰЛҒАЙДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • Есірткісіз болашақ!

    Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.