Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Суббота, 14 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

ais_media ais_media
14.03.2026
Жаңалықтар
0
Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды
0
БӨЛІСУ
8
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Қазақстанда Astana Hub ұйымдастырған технологиялық жобаларға арналған ұлттық стартап-батл — Digital Qazaqstan Battle өңірлік жартылай финалдары аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша өз өңірлерін таныстырып, шешімдерін Шымкент қаласында өтетін Digital Qazaqstan форумы сахнасында ұсынатын 20 финалист анықталды.

Өңірлік жартылай финалдардың қорытындысы бойынша Digital Qazaqstan Battle финалына 20 стартап өтті. Олардың қатарында: aitomaton (Қостанай), Lady Taxi (Атырау), SanEduPortal (Семей), Kasibi Taxi (Орал), LoyaBonus (Өскемен), Okushy (Көкшетау), CortexAI (Қызылорда), Proji (Ақтөбе), zhihaz.kz (Қонаев), SmetaHub (Жезқазған), gro.now (Алматы), Reco (Тараз), AR Sana (Астана), Qalam (Шымкент), Ai-mektep (Түркістан), JolScan (Қарағанды), Mathlab (Павлодар), Help Hand (Талдықорған), KenDala (Ақтау) және Numerus (Петропавл).

«Digital Qazaqstan Battle – мықты технологиялық жобалар тек ірі қалаларда ғана емес, Қазақстанның өңірлерінде де пайда болатынын көрсетуге мүмкіндік. Жартылай финалдар барысында біз дайын өнімдері бар, алғашқы сатылымдарын жүзеге асырған және халықаралық нарықтарға шығуды көздейтін стартаптарды көрдік. Шымкентте өтетін финал олардың ең үздіктеріне өз шешімдерін инвесторларға және елдің бүкіл технологиялық экожүйесіне таныстыруға мүмкіндік береді», – деді Astana Hub басқарушы директоры Танат Өскембаев.

Өңірлік батлдардың жеңімпаздарының бірі – жол инфрақұрылымының жай-күйін мониторингтеу және компьютерлік көру технологиялары арқылы автотұрақ кеңістігін басқару шешімін әзірлейтін JolScan стартабы. Жүйе қалалық камералар мен мобильді құрылғылардан жиналған деректер негізінде жол жабынындағы ақауларды автоматты түрде анықтайды. Бұл жолдарды қолмен тексеруге кететін шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

«Жартылай финалда жеңіске жету – жол инфрақұрылымын мониторингтеу мен автотұрақ кеңістігін басқаруды бір экожүйеге біріктіретін “ақылды қала” тұжырымдамамыздың өміршеңдігін растайды. Біз үшін бұл қолданыстағы қалалық инфрақұрылымды мобильді сенсорлар ретінде пайдалану сияқты инновациялық тәсіл қалаларды цифрлық трансформациялаудың тиімді құралы бола алатынын көрсетеді», – деді JolScan стартабының тең құрылтайшысы Рустем Қадыров.

Өңірлік кезеңнің тағы бір жеңімпазы – aitomaton стартабы. Ол AI-агенттердің көмегімен бизнес-процестер мен коммуникацияларды автоматтандыруға арналған платформаны әзірлеуде.

«Біз бизнес үшін AI-агенттер мен адамдарды бір жұмыс кеңістігінде біріктіретін платформаны жасап жатырмыз. Онда негізгі құралдар біріктірілген: CRM, таск-трекер, қызметтерге жазылу жүйесі, омниканалды мессенджер, телефония және қоңыраулар мен чаттарда жұмыс істейтін AI-агенттер. Digital Qazaqstan Battle финалына шығу – бұл тұжырымдаманы кең технологиялық аудиторияға таныстыруға тамаша мүмкіндік. Финалда үздік үштікке еніп, жобаны дамыту үшін жаңа серіктестер табуды жоспарлап отырмыз», – деді aitomaton жобасының CPO және негізін тең қалаушы Эдгар Володькин.

Еске сала кетсек, ұлттық стартап-батлдың финалы 2026 жылғы 27 наурызда Шымкент қаласында Digital Qazaqstan форумы аясында өтеді. Финалистер өз жобаларын қазылар алқасына, инвесторларға және елдің технологиялық экожүйесінің өкілдеріне таныстырады.

Батл жеңімпазы 10 000 000 теңге, екінші орын иегері 5 000 000 теңге, үшінші орын иегері 3 000 000 теңге алады. Сонымен қатар 1 000 000 теңге көлемінде көрермен көзайымы жүлдесі табысталады. Қазылар алқасы жобаларды нарықтық динамикасы, команда сапасы, масштабталу әлеуеті және инвестициялық тартымдылығы бойынша бағалайды.

Алдыңғы мақала

ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЕБЕРЛІГІ СЫНҒА ТҮСКЕН ДОДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ІІМ АЗАМАТТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ІІМ АЗАМАТТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • Есірткісіз болашақ!

    Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.