Түркістан қаласындағы “Фараб” кітапханасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ халқының салт-дәстүрін кеңінен насихаттау мақсатында «Көрісу күні — Амал мерекесіне» арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті.
Аталған шара барысында қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан көрісу дәстүрінің мәні мен маңызы насихатталып, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар ұлттық дәстүр аясында бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектер айтып, халқымыздың татулық пен сыйластыққа негізделген мәдениетін кеңінен танытты.
Іс-шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, халқымыздың бай мұрасын ұлықтау және қоғамда дәстүр сабақтастығын дәріптеу.


