ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Воскресенье, 15 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

ais_media ais_media
15.03.2026
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ
0
БӨЛІСУ
7
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

▪️Бүгін елімізде жаңа Конституцияның жобасын қабылдау бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

▪️Демографиясы жоғары, халқы тығыз Түркістан облысында белсенділік жоғары, елдің көңіл күйі көтеріңкі. Өңірдегі барлық сайлау учаскелерінде мемлекеттік Әнұран шырқалып, алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасап, дауыс беруде.

▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров алғашқылардың бірі болып, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да орналасқан №133 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде белсенділік жоғары, 18-ге енді толған жастардан бастап, зейнеткерлер де дауыс беріп жатыр.
Түркістан облысы бойынша референдум учаскелерінің саны – 947 (оның ішінде жабық учаскелер саны – 26). Қазіргі таңда Түркістан облысында жалпы 2 млн 154 мыңнан астам тұрғын бар. Оның ішінде дауыс беру құқығына ие азаматтар саны – 1 187 257, бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.

▪️Республиқалық референдумға өңір жоғары деңгейде дайындалды. Референдумға облыс бойынша жалпы саны 6380 комиссия мүшесі тартылған. Оның ішінде 1 – облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 947 учаскелік референдум комиссиялары (6 254 мүше) бар. Комиссия мүшелерінің 97 %-ының референдум және түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сонымен бірге бақылаушылар да референдум барысын тұрақты қадағалап отыр.

▪️Референдум учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық – техникалық жағынан толықтай қамтамасыз етілген,
Облыс көлемінде биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 16601 ерекше қажеттілігі бар дауыс беруші азамат бар, олардың 4 мыңы қоларба пайдаланады, 8171-інің көру, сондай-ақ, 4430 азаматтың есту қабілеті нашар. Олардың дауыс беруіне қолайлы жағдайлар жасалған.
Жалпы өңірде референдум жоғары деңгейде өтіп, дауыс беру жалғасып жатыр. Тұрғындардың белсенділігі жоғары.

Алдыңғы мақала

Сегодня в столице пройдет онлайн-марафон «Референдум – 2026»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ НУРАЛХАН КУШЕРОВ ПРОГОЛОСОВАЛ НА РЕФЕРЕНДУМЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ НУРАЛХАН КУШЕРОВ ПРОГОЛОСОВАЛ НА РЕФЕРЕНДУМЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • Есірткісіз болашақ!

    Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.