Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ЕСКІ ИҚАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
    Жаңалықтар

    ЕСКІ ИҚАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

    26.05.2026

    Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес халықпен есеп беру кездесуі өткізілді. Жиынға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.
    Кездесу барысында аудан әкімі Мемлекет басшысының халықпен ашық әрі тұрақты кері байланыс орнату жөніндегі тапсырмасы аясында мұндай есеп беру кездесулерінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін назарға алып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
    Жиында Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Дилшад Саитов 2026 жылдың алғашқы төрт айында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне кеңінен тоқталды. Ауылдық округ құрамындағы Ескі Иқан және Машһүр Жүсіп елді мекендерінде бүгінде 21 316 халық тұратыны айтылып, бюджет, салық түсімдері, инфрақұрылым және коммуналдық саладағы жұмыстар таныстырылды.
    Кездесуде коммуналдық салаға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Ақселеу Сейденбек баяндама жасады. Табиғи газбен қамту, ауыз су жүйелерін жаңғырту, электр желілерін ауыстыру және санитарлық тазалық бағытындағы жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.
    Жер қатынастары бөлімінің басшысы Асылбек Патсаев жер саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша баяндама жасап, тұрғын үй құрылысына жер беру, жайылым жерлерді тиімді пайдалану және инфрақұрылым жүргізу бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Ал жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дауырхан Асылбеков халықты жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
    Жиында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде баяндама жасап, аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға тоқталды. Әсіресе, Ескі Иқан ауылдық округінде қолға алынған мал бордақылау алаңдары мен сервистік мал сою кешендерінің құрылысы ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Жалпы инвестициялық құны 6,5 млрд теңгені құрайтын жобалар аясында жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.
    Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Жиында көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.