Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
    Жаңалықтар

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, аяқжолдар мен ирригациялық жүйелерді дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда. Бүгінде аудан тұрғындары ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен толық қамтылған.

    Өткен жылы тиісті басқарма тарапынан 113 көшеге асфальт төселіп, жол жабыны жаңартылды. Биыл 50 көшеде жөндеу жүргізу жоспарланып, оның 45-і толық аяқталды. Сонымен қатар, былтыр 182 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына 2 600 тонна асфальт төселді. Биыл шамамен 100 мекенжайдағы аулаішілік жолдарға 2 000 тонна асфальт төсеу көзделіп, 87 ауладағы ойылған жерлер қалпына келтірілді.

    Жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында да жұмыстар жүргізілуде. Ауданда жалпы ұзындығы 137,3 шақырым болатын 122 көшеде аяқжол бар. 2025 жылы 19 көшеде 12 шақырым аяқжол салынса, биыл 32 көшені жаңарту жоспары аясында 17 көшедегі жұмыстар аяқталды.

    Көшелерді жарықтандыру бағытында былтыр 175 көше қамтылды. Биыл 58 тұйық көшеге жарықшам орнату жоспарланып, 8 көшеде жұмыс аяқталды. Сонымен бірге ауданның коммуналдық мекемесі 136 аула мен көшені жарықтандыруды қолға алып, бүгінге дейін 101 орында 148 жарықтандыру бағанасы мен кронштейн орнатты.

    Жауын-шашын кезінде су өткізу жүйесін жақсарту үшін ирригациялық арықтар салынуда. Былтыр 17 көшеге арық жүйесі орнатылды. Биыл басқарма тарапынан жоспарланған 25 көшенің 20-сында жұмыс толық аяқталды. Бұған қоса, ауданның коммуналдық мекемесі 32 мекенжайда арық жүйесін орнатуды жоспарлап, 17 көшедегі жұмысты аяқтады.

    Тұрғын үйлерді жылумен қамту мәселесі де бақылауда. Аудандағы 931 көппәтерлі үйдің 860-ы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, қалған 71-і автономды жүйені пайдаланады. 2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында орталықтандырылған жүйеге қосылған 860 үйде сығымдау жұмыстары толық жүргізіліп, жылу берілді.

    Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету үшін аудан 7 секторға бөлінген. Бұл бағыттағы жұмыстарға 121 арнайы техника мен 558 қызметкер жұмылдырылған. Көпқабатты үйлердің аулалары мен ішкі орам көшелері аптасына екі рет тазаланады.

    «Таза Қазақстан» акциясы аясында биыл 25 сенбілік ұйымдастырылып, оған 30 мыңға жуық тұрғын мен 230 техника қатысты. Нәтижесінде 540 тонна қоқыс шығарылды.

    Сонымен қатар, аудандағы базарларды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. «Орталық Қырғы» базарындағы жұмыстар 95 пайызға аяқталып, соңғы кезеңі жүргізілуде. «Назым апа» базарында жаңғырту толық аяқталды.

    Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстар ауданның инфрақұрылымын жақсартуға, қоғамдық кеңістіктерді дамытуға және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Қару мен қаржы қызметін қатар меңгерген ару

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    13.11.2026

    ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    Қару мен қаржы қызметін қатар меңгерген ару

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    13.11.2026

    ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІН ТАНЫТТЫ

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY БАЗАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТОҚЫМА ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛАДЫ

    13.11.2026

    ӨҢІРЛІК ҒАЛЫМ PhD ДӘРЕЖЕСІН СӘТТІ ҚОРҒАП ШЫҚТЫ

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.11.2026

    ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

    13.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.