Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
    Жаңалықтар

    ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    Шымкент қаласының Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жол сапасын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі Б. Әзімбердиевтің мәліметінше, 2026 жылы ауыз су, электр энергиясы, газ, кәріз жүйесі және абаттандыру салаларында бірқатар жоба жүзеге асырылған.

    Қазіргі таңда Тұран ауданының аумағы 36 300 гектарды құрайды. Мұнда 22 шағын аудан, 39 357 жеке тұрғын үй мен 548 көпқабатты үй орналасқан. Жалпы тұрғындар саны – 232 708 адам. Аудан аумағында 1 229 көше мен 293 әлеуметтік нысан бар.

    Инженерлік инфрақұрылым бойынша барлық 22 шағын аудан сапалы ауыз сумен және электр энергиясымен толық қамтылған. Құрсай шағын ауданында су жүйесін тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бірінші кезең аяқталып, пайдалануға берілсе, екінші кезеңді жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар биыл ауданда 12 жаңа трансформаторлық станция орнатылды.

    Табиғи газбен қамту деңгейі 85,7 пайызды құрап, 19 шағын аудан көгілдір отын пайдаланып отыр. Құрсай мен Жаңаталаптың жекелеген аумақтарын газдандыру 2026–2027 жылдарға жоспарланған. Ал Айкөл шағын ауданында жобалық құжаттама әзірлеу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі. Кәріз жүйесімен 13 шағын аудан қамтылған. Қазіргі уақытта орталық аумақтағы және Қорғасын шағын ауданындағы 14 көшеде кәріз желілерінің құрылысы басталды.

    Көше инфрақұрылымын жақсарту бағытында биыл 68 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 66-сы орташа жөндеуден өтіп, екі көшеге жаңа асфальт төселді. Бұған дейін 2025 жылы 251 көшеде 112,3 шақырым жол жаңартылған болатын.

    Тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін ирригациялық жүйелер мен аяқжолдар салынуда. Бүгінде 203 көшеде 134,5 шақырым ирригациялық жүйе бар. Биыл 28 көшеде 16,1 шақырым су бұру жүйесінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ 36 көшеде аяқжол салу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

    Абаттандыру аясында көшелерді жарықтандыру және қоғамдық демалыс орындарын көбейтуге көңіл бөлінген. Қазіргі уақытта «Тұран» коммуналдық мекемесі 1 098 көшеге, ал «Abm-Building 2007» ЖШС 131 көшеге қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін 42 ауладағы көшелер мен өткелдерге қосымша 93 жарықшам орнату жоспарланған.

    Сонымен қатар ауданның жеті аумағында әмбебап демалыс орындары мен гүлзарлар салу көзделген. Биыл Рысқұлов пен Адырбеков, Рысқұлов пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында субұрқақтар орнатылды. Абай және Металлург саябақтарында шахмат клубтары ашылды.

    Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында цифрлық бақылау жүйелері де жетілдірілуде. 2025 жылы көшелер мен аулаларға 282 бейнебақылау камерасы орнатылған. Биыл қосымша камералар орнату жұмыстары жүргізіліп, үш мектептің аумағына құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған дрондар қойылды.

    Экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы ірі жобалардың бірі – қатты қалдықтарды өңдейтін заманауи кешен құрылысы. Құны 54 млрд теңгені құрайтын жобаны «Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd.» компаниясы 2026–2028 жылдары жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жалпы аумағы 12 гектар болатын кешенде жылына 1 000 тоннаға дейін қалдық өңдеу, 24 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіру және кемінде 80 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген.

    Тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары да жалғасуда. Аудандағы 548 көпқабатты үйдің 503-і орталық жылу жүйесіне қосылған, қалғандары автономды жылыту жүйесін пайдаланады. Орталық жылу жүйесіне қосылған барлық үй жылу маусымына толық дайын. Биыл төрт көпқабатты үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, тағы бір нысанда жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар алты мекенжайдағы ғимараттардың 1 080 шаршы метр қасбетіне мурал салу аяқталды.

    Балалар мен жастарға арналған инфрақұрылым да кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта ауданда 419 балалар ойын алаңшасы және 121 ашық спорт алаңшасы бар. Биыл қосымша 19 балалар ойын алаңшасы мен 10 кешенді спорт алаңшасының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.

    Жалпы, Тұран ауданында инженерлік желілерді жаңарту, жолдарды жөндеу, тұрғын үй қорын жақсарту және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, ауданның инфрақұрылымдық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    Қару мен қаржы қызметін қатар меңгерген ару

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    13.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    Қару мен қаржы қызметін қатар меңгерген ару

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    13.11.2026

    ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІН ТАНЫТТЫ

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY БАЗАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТОҚЫМА ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛАДЫ

    13.11.2026

    ӨҢІРЛІК ҒАЛЫМ PhD ДӘРЕЖЕСІН СӘТТІ ҚОРҒАП ШЫҚТЫ

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.11.2026

    ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

    13.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.