Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖІТІ НАЗАРЫНДА
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖІТІ НАЗАРЫНДА

    05.09.2022
    Түркістан облысында құрылысы ұзаққа созылған мектептерге жауапты мердігерлермен келісімшарт бұзылды. Олар Жетісай, Отырар және Қазығұрт аудандарында орналасқан. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжат түзетіліп, сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, мердігер мекемені анықтап, құрылыс жұмыстары жалғасатын болады. Түркістан облысында биыл 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20,7 млрд. теңге қаржы қаралған. Жыл соңына дейін 59 мектептің 21-ін пайдалануға беру жоспарланған.
    Бұдан былай жұмысына жауапсыз қараған жосықсыз мердігерлермен жұмыс жалғаспайды. Олардың өз міндетін қалай орындағаны сараланып, қырағы қадағалауда болады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы лауазымға тағайындалғаннан кейінгі алғашқы апталық аппарат отырысын өткізіп, білім нысандарының құрылысын мұқият бақылауды тапсырды. Олардың сапасына қадағалауды күшейтуді жүктеді.
    – Құрылысы кестеден қалып қойған мектептерді қайта тексеру керек. Уақытында тапсырылмай, құрылысы қысқа дейін созылатын нысандардың сапалы шығатынына күмәнім бар. Сондықтан жауапты басқарма басшылары білім ұяларының құрылыс барысын қайта қарап шықсын. Мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары да өз мерзімінде аяқталуы тиіс. Қаржыға дер кезінде ұсыныс беру, жұмыс барысын, мердігердің жұмысын қадағалау – міндеттеріңіз. Өңірде оқушылардың алаңсыз білім алуына жағдай жасалуы қажет. Бұл бағытта жұмыс жалғаса береді, – деді облыс әкімі.
    Облыс әкімі өңірдегі мектептердің құрылыс жұмыстарының мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді, құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстауды, кемшіліктерді жойып, білім саласына қатысты қордаланған мәселелерді шешу үшін кезең-кезеңімен іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды. Басқармалар өзара кеңесіп, кейбір мәселелерді ортақ үйлестіру керек екенін атап өтті. Аталған жұмыстарға жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің тікелей жауапты екені ескертті. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Құрылыстың оқу процесіне кедергі келтірмеуін ескертті. Облыста 32 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін жалпы 4 млрд. теңгеден астам қаражат қаралған. Жыл соңына дейін олардың жартысы толық жөндеуден өтеді.
    #Түркістан #Түркістан жаңалықтары #Түркістан облысының әкімдігі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.