Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

16.09.2022

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев бірқатар кәсіпкерлерге Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік төсбелгі мен аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті.
Кездесу Төлеби ауданы әкімдігі ғимаратында өтіп, жеке ісін бастап, табысқа жеткен, қиындықтарға қарамастан жұмыс орындарын ашып, көптеген адамға көмектескен азаматтарды аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы мерекемен құттықтап, алғысын жеткізді. Өз бизнесін ашып, қоғам дамуына үлес қосқан, қайырымдылық іс-шараларды, бизнес жүргізудің әлеуметтік және этикалық практикасын ілгерілеткен азаматтардың еңбегі аталып өтілді.
— Бүгінгі күні аудан аумағында 8 мыңға жуық кәсіпкерлік субьектісі тіркеліп, жұмыстарын атқаруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздегі кәсіпкерлік саласын дамытуға назар аударып, қаржылай қолдау қажеттігін айтты. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне аса мән беріліп, еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізілетінін, мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалатынын айтты. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады. Құрметті кәсіпкерлер! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз жемісін берсін, табысқа жету жолындағы қызметтеріңізде қателіктер мен сәтсіздіктер болмасын. Сіздерге мықты денсаулық, өркендеу мен бақ-береке тілеймін, — деді құттықтау сөзінде аудан әкімі.

 

 

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.