Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫР ҚЫЛМЫСТАР САНЫ АЗАЙҒАН
Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫР ҚЫЛМЫСТАР САНЫ АЗАЙҒАН

19.09.2022
Жыл басынан бері Түркістан облысында кісі өлімі, тонау және бұзақылық фактілері төмендеген. Соның ішінде ауыр қылмыстар санатындағы ұрлықтың ашылуы өткен жылғы 69,1 пайызға дейін жақсарды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі криминогендік жағдай мен қоғамдық қауіпсіздік туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов баяндады. Облыста қауіпсіздік, және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша, қажетті шаралар қабылдануда.
Соңғы үш жылда Түркістан облысы аумағында интернет желісі арқылы жасалған алаяқтық қылмысы артқан. Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қаржы пирамидалары жыл сайын әшкереленіп, бірнеше жүздеген адамдар осы қылмыстардың құрбаны болып жатқанына қарамастан, азаматтар жеңіл әрі тез ақша табуына сеніп, осындай алаяқтарға ақшасын беруге дайын.
Маңызды мәселе — жол-көлік оқиғаларын алдын алу. Қабылданған шараларға қарамастан, олардың саны 5 пайызға өскен. Оқиғалар жүргізушілермен жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, жол белгілер талаптарын сақтамау салдарынан орын алған.
Аппарат отырысында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы мен сатылымы туралы баяндады. Шаһардың әкімшілік-іскерлік орталығында жалпы аумағы 360 мың ш.м. асатын 89 көпқабатты тұрғын үйдің (5649 пәтер) бой көтерген. Биыл тағы 2 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлайды.
Жалпы 4 жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, алаңы 2 есеге артты. Осы уақыт ішінде облыс орталығында 337 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (15 411 пәтер, 1 001,1 мың м2). 2019-2021 жылдары 113 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді (5 433 пәтер, 342,9 мың м2).
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.