Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

    21.09.2022
    Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева айтты.
    «Облыста барлық орталықтандырылған жылу қазандықтарының жұмысы кестеге сай атқарылуда. Кентау қаласында орналасқан ЖЭО-5-те дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ол жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқталады. Сондай-ақ, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 626 көпқабатты тұрғын үйдің 600-і жылыту маусымына әзір, қалғандарында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ал 2 561 бюджеттік мекеме мен әлеуметтік нысан 100 пайыз дайын», — деді Роза Олжабайқызы.
    Спикердің сөзінше, өңірде жалпы көмір отынының қажеттілігі 907,6 мың тонна, тасымалданғаны 423,1 мың тонна. Оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі — 249,2 мың тонна. Тасымалданғаны — 142,8 мың тонна. Тұрғындардың (жеке тұрғын үйлер, жылы жайлар) көмірге қажеттілігі 658,4 мың тонна болса, тасымалданғаны 280,3 мың тонна. Тұрғындар үшін темір жол тұйығы бар елдімекендерде 1 тонна Шұбаркөл отынның бағасы 14 600 — 18 500 теңге аралығында.
    Сонымен қатар, бюджеттік мекемелердің сұйық отынға (дизельге) қажеттілігі 4 559,7 мың литр. Ол 100 пайыз тасымалданды. Ал жылумен қамтамасыз ететін мекемелер үшін мазутқа қажеттілік 2700 тонна. Казіргі таңда сатып алу рәсімдері өткізілуде.
    Айта кетейік, жылыту маусымына дайындық жұмыстары облыс әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынған. Жұмыстар жалғасуда.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.