Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ — 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ — 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

21.09.2022
Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен 8-ші рет өткізіліп отырған облыстық «Мерейлі отбасы — 2022» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.
Шаңырақтың береке-бірлігін насихаттаған мерейлі шарада сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев жеңімпаздарды арнайы құттықтап, байқауда белсенділік танытқан барлық отбасыға алғысын білдірді.
— Дана халқымыз «Отан — отбасынан басталады» деген ұлағатты сөзді текке айтпаған. Отбасы қай заманда болсын мықты мемлекеттің негізі болып саналады. Биыл ұлттық байқауға қатысу үшін Түркістан облысынан 116 отбасы өтініш білдірді. Облыстағы барлық аудан, қалаларда ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 26 отбасы жеңімпаз атанды. Арнайы комиссияның шешімімен отбасылар анықталып, жүлделер мен сыйлықтар беріледі. Шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу және әр ауданнан келген түрлі салада жүрген отбасыларды жас буынға үлгі ретінде көрсету, — деді Аңсар Жаңабайұлы.
Әділқазылардың шешімі бойынша байқаудың бас жүлдесін 4 ұл, 3 қыз дүниеге әкеліп, 31 немере, 25 шөбере өсірген Түркістан қаласының Құлбайымбетовтер отбасы иеленді. Әулеттің тірегі 81 жастағы зейнеткер Жарқынбек Құлбайымбетов 40 жыл мұғалім қызметін атқарған. ІІ орынды 7 ұл, 1 қыз дүниеге әкеліп, 33 немере өсірген Төлеби ауданынан Әжібаевтар отбасы лайық деп танылды. Ал ІІІ орынды 8 ұл-қыз өсіріп, этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға елеулі еңбек сіңіріп жүрген Сайрам ауданының тұрғындары Ильхамжановтар отбасы иеленді.
Шара барысында басқарма басшысы жеңімпаз және жүлдегер отбасыларды Алғыс хаттар және сертификаттармен марапаттады. Сондай-ақ байқауда бақ сынаған 23 отбасыға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.