Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ АЛМАҒАН ӘКІМДЕР ЕСКЕРТУ АЛДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ АЛМАҒАН ӘКІМДЕР ЕСКЕРТУ АЛДЫ

    03.10.2022

    Түркістан облысында тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигондар реттеліп, талапқа сай болуы қадағаланады. Ғарыштан түсірілім жасау арқылы 2021 жылы 347 заңсыз қоқыс орны анықталса, биыл олардың саны 400-ден асқан. Олардың жүзден астамында жұмыс баяу. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында осы түйткіл талқыланды. Өңір басшысы тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигондары қараусыз қалған аудан, қала басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды. Тазалықты қамтамасыз ете алмай отырғандар облыс әкімінен ескерту алды.
    – Күл-қоқысты тазалай алмаған әкімнің басқа тірлігі туралы айтудың өзі артық. Тазалық – табалдырықтан басталады. Айналамызды таза ұстау өзі қолымызда. Мәселені бюджетке бұрып қойып, отыру – ақылға қонымсыз. Бұл тірлік – тікелей өз міндеттеріңіз. Тазалықты ретке келтіре алмай отырған әкімдерге шара қолданылсын, – деді ол.
    Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қ.Әбдуалиевтің айтуынша, облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын 158 полигон орындары белгіленіп, құжаттандырылған. Алайда олардың жартысынан астамы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Атап айтқанда, полигондар қоршаумен жабдықталмаған, көліктердің дөңгелектерін дезинфекциялаушы бетон ваннасы мен арнайы ерітіндісі жоқ, қалдықтардың көлемін өлшейтін таразы қойылмаған және көгалдандырылмаған.
    – Халық арасында түсіндіру жұмыстары өз деңгейінде болмағандықтан ауыл- аймақтарда күл-қоқыстарды кез келген жерге тастап кету фактілері жыл сайын көбейіп келеді. Осы бағытта кемшілікті жою мақсатында жыл басында жұмысшы топ құрылып, аудан, қала аумақтарын аралап, бей-берекет қоқыс орындарын жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Облыс аумағында тұрғындар санының артуына байланысты, қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі де артып келеді, – деді басқарма басшысы.
    Өткен жылы қоқыстарды қайта өңдеу үлесі бойынша меже толық орындалған. Биыл да жұмыстар атқарылуы қажет. Полигондар мәселесін түпкілікті шешу мақсатында Қазығұртта – төрт, Созақта бір полигонның құрылысы жергілікті бюджет есебінен жүргізілген. Созақ, Ордабасы аудандарында 8 полигон салу жоспарда бар. Сонымен қатар Кентау, Арыс қаласы мен Қазығұрт, Бәйдібек, Келес және басқа аудандарда 37 полигонның жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге жұмыстар атқарылуда.
    Облыс әкімі Дархан Сатыбалды полигондардың сапасын арттырып, ережеге сәйкес көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, жан-жағын қоршау жол төсеу жұмыстарын атқару жөнінде тапсырма берді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.