Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»«AMAZING TURKISTAN» АРҚЫЛЫ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ МЕН ПОЙЫЗ КЕСТЕСІН БІЛУГЕ БОЛАДЫ
Аймақ

«AMAZING TURKISTAN» АРҚЫЛЫ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ МЕН ПОЙЫЗ КЕСТЕСІН БІЛУГЕ БОЛАДЫ

07.10.2022

Былтыр Түркістан облысында туристер үшін іске қосылған «Amazing Turkistan» қосымшасы жаңа бөлімдермен толығып жатыр. Қосымша арқылы қолданушылар әуе рейстері мен пойыз кестесін біле алады. Бұл туралы Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді.
Енді бұл жүйе түрік тілінде де ақпарат береді. Бұған дейін қолданушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат беріп келген. Жүйені бүгінгі күнге дейін 80 мыңға жуық адам жүктеп алған.
– Мұнда келушілер үшін онлайн гид, такси, дүкен, дәріхана, «Халық қатысатын бюджет», мейрамханалар, қонақүйлер, такси бөлімдері жүйелі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, “109 – Бірыңғай байланыс орталығына” да аталған қосымша арқылы сауал жолдауға болады. Әлі де тұрғындар жайлылығы үшін жүйеде біршама бөлімдер іске қосылып, толығатын болады, — деді басқарма басшысы.
Еске сала кетсек, бүгінде шаһардағы 7 835 құрылғы 5G Kcell желісіне қосылса, қоғамдық орындарда 32 тегін Free Wi-Fi нүктелері жұмыс істеуде. «Amazing Turkistan»-нан бөлек, 2Gis, «Yandex» қосымшалары мен SOS батырмалары өз қызметін атқаруда.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.