Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»Мемлекеттік грант арқылы кәсіптерін дөңгелетуде
    Аймақ

    Мемлекеттік грант арқылы кәсіптерін дөңгелетуде

    16.07.2023
    Кәсіпкерлікті дамыту — нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлікті дамыту, оның төңірегіндегі көптеген мәселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дәлелдейді. Шағын бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады.
    Бүгінгі таңда Сарыағаш ауданында шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән берілуде. Әсіресе мемлекеттік гранттар біраз адамның кәсіп бастауына баспалдақ болып келуде.
    Осыған орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудандағы мемлекеттік грант алып кәсіп ашқан Жібек жолы ауылдық округі, Зортөбе елді мекенінің тұрғыны Н.Аталованың жұмысымен танысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz.
    Н.Аталова ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік грант алып, үй іргесінен шағын наубайхана ашқан. Мемлекеттік грант керекті құрал-жабдықтар сатып алуына үлкен септігін тигізгенін айтады.
    Қазіргі таңда нан өнімдеріне сұраныс бар екенін, тапсырыстарды орындап жатқандығын жеткізді. Бүгінде мұнда дәмі тіл үйіретін тәтті нан өнімдері дайындалуда.
    Содан соң, аудан әкімі Арман Абдуллаев Дихан баба елді мекеніне арнайы барып, М.Абельдинованың тігін цехымен танысты. Кәсіпкер «Назипа ана» тігін цехын ашып, грант қаражатына тігін машиналарын, оларға қажетті қосалқы бөлшектерін алып, кәсібін бастап 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.Бүгінде ол тапсырыспен ұлттық нақышта безендірілген көрпе-жастықтар, қыз жасауларын және басқа да қажетті дүниелерді тігеді. Бұл құрылғылар тігіннің ең қиын түрін де орындайды екен.
    Сонымен қатар, аудан әкімі Арман Абдуллаев мемлекеттік грант алып қой шаруашылығын дамытып отырған Д.Садыковтың жұмысымен де танысты. Д.Садықов қой шаруашылығын дамытуды мақсат тұтып, мемлекеттік грант алып, асыл тұқымды «қисары» қой тұқымын сатып алған. Бүгінде үй іргелік қорасында мал басын көбейтіп кәсібін дөңгелетуде. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта мал кәсібін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
    – Қазақта «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір» деген қанатты сөз бар. Қой шаруашылығымен айналысу қазақтың қанында бар кәсіп ғой. Тәуекелге бел буып бастаған кәсібіңізге береке берсін. Мемлекеттік гранттың пайдасы мол. Яғни, бұл кәсіп бастауға-қармақ. Ары қарай кәсіпті алып кету сіздердің еңбектеріңізге байланысты,-деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.
    «Шағын кәсіп, елге нәсіп» демекші азын-аулақ қаржының өзі шаруаның көзін тапқан кейбір отбасыларға біршама көмек болып отыр. Ең бастысы ерінбей еңбек жандар ғана табысқа жетуде.
    Айта кетсек, ағымдағы жылдың 6 айында жалпы 94 азамат мемлекеттік грант иегері атанды. Оның ішінде салалар бойынша:
    -қызмет көрсету -21;
    -тамақтандыру-12;
    -ауыл шаруашылығы-61.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.