Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»«Құрақ тігудің керемет ләззаты бар, тек оны сезіне білу керек»
Аймақ

«Құрақ тігудің керемет ләззаты бар, тек оны сезіне білу керек»

17.07.2023
Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында тұратын Қалима Сүйінованы көпшілік тігінші апа деп кеткен. Өзінің қолынан шыққан бұйымдарды әлеуметтік желі арқылы насихаттап отыратын оның бүгінде тұрақты тұтынушылары да қалыптасқан. Таяуда жол түсіп, тігінші апаның үйіне барғанымызда, әдеттегідей көрпе құрап отыр екен.
«Құрақтың қасиетін білетіндер көп қой. Сол үшін қызын ұзатып жатқандардан бастап, жаңа үйге кіріп жатқандар да, тіпті, баласын аяқтандырып, енші беріп жатқандар да құрақ көрпеге тапсырыс береді. Бұл баламыздың басы құралсын, өздерінен өсіп-өнсін деген мағынаны білдіреді, – деген Қалима апа өзі құрап отырған көрпешелерді де таныстырып өтті. – Бүгін мына бір көрпені бастаған едім. Бұл  ши құрақ пен қошқар мүйіз оюы араласқан көрпе. Қошқар мүйіз оюы – байлықтың, молшылықтың белгісі. Сондықтан көбінесе осы оюды пайдаланамын. «Тырна» құрақ төрт құбылаң тең болсын деген мағына береді. Сол сияқты, «Құдық», «Қолтықша», «ши»  деп аталатын  құрақтардың өзіндік сыры бар. Біз тапсырысқа қарай барлық құрақтардың түрін пайдаланамыз. Қыздардың артынан 4 көрпе, 4 жастық апарады. Оны біз бір аптада дайындап бере аламыз. Үйдегі екі келінімнің де қолында өнері бар. Олар маған көмектеседі. Бірі ою ойып, екіншісі құрақ құрап дегендей, үшеулеп тапсырысты дер кезінде орындап береміз. Құрақ тіккенде оның түзулігіне мән беру керек. Сәл қисық кетсе жұмыстың сәні болмайды. Сол үшін кесте пішерде мұқият болу керек. Рас, алғашқыда қол үйрету оңай болған жоқ. Қайта-қайта тіге берген соң саусақтар да икемге келе бастайды. Былайша айтқанда, бұл тек жұмыс қана емес, сонымен бірге адамды төзімділікке, сабырлылыққа тәрбиелейтін өнер де. Жұмысың жақсы шықса, оның өзі адамға ерекше әсер сыйлайды, шабыт береді. Бір мезгіл құрақ тіккенннің өзіндік ләззаты бар. Оны сезіне білу керек».
Иә, құрақ тігу адамның төзімділігін шыңдайды. Әрі түрлі-түсті маталарды қиюластыру арқылы жасалатындықтан эстетикалық әсерге бөлейтіні бар. Осылайша кәсібінен нәсібін айырып қана қоймай, өздерінің сүйікті істерімен айналысуларына да мүмкіндік жасап отырған олар алдағы уақытта шеберхана жұмысын жандандырып, қолының икемі бар қыз-келіншектерді жанына тартуды көздеп отырғанын айтады.
Тігінші апа атанған Қалима Садыққызының негізгі мамандығы – мұғалім. Мектепте музыка пәнінен сабақ берген ол бұл салада да біраз жетістіктерді бағындырған көрінеді. Кентау қаласында дүниеге келген Қалима апай бізге кеншілер қаласында өткен балалық шағы жайлы да айтып берді. «Кентауда кәсіпорындар көп еді. Анам бетон зауытында кран жүргізді. Әкем шахтер болатын. Таңалакеуімнен автобус келіп тұрады. Әкем, анам, әпкем, ағам жұмысқа кетеді. Үйде өзім ғана қалып, үй шаруасымен айналысамын. Қаладағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепте білім алдым. Бесінші сыныптан бастап музыка мектебіне барып, домбыра үйірмесіне қатыстым. Одан кейін Шымкенттегі саз колледжінің домбыра класына оқуға түстім. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің педагогика факультетін домбыра класы бойынша бітірдім» деді ол.
1985 жылы Темірландағы Төлегеновтер әулетіне келін болып түскен ол осындағы саз мектебінде алғашқы еңбек жолын бастайды. Мұнда он екі жыл жұмыс істеп, көптеген шәкірт тәрбиелейді. 1997 жылы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияға ауысады. Музыка пәнінен сабақ бере жүріп, «Атамекен» хорын құрады. Өткен жылы Түркістан қаласында өткен байқауда Қалима Сүйінова баптаған өнерпаздар топ жарып, бас жүлдені жеңіп алғанын да айта кетейік.
Біраз жыл ұстаздық еткен ол соңғы жылдары денсаулығы сыр бере бастағанын сезіп, басқа жұмыспен шұғылданғанды жөн санайды. Құрақ құрап, тігін тігуді құп көреді. Бастапқыда ермек үшін деп басталған бұл жұмысы бертін келе таза кәсіпке  айналып шыға келеді. Сұраныс көп болған соң жанына екі келінін алып, отбасылық бизнестің көрігін қыздыра түседі. Міне, осылайша он саусағынан өнер тамған Қалима Садыққызы қай салада жүрсе де өзінің еңбекқорлығын танытып, толағай табыстарға қол жеткізіп жүр.
Г.ЕЛБАСИЕВА.
Ордабасы ауданы.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.