Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУ МАҚСАТЫНДА ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУ МАҚСАТЫНДА ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ

    19.07.2023
    Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен мақта кластерін дамыту жұмыстары жүріп жатыр. Осы бағытта өзбекстандық инвестормен келісімге қол қойылған болатын.
    Бұл орайда, мақта-тоқыма кластерімен айналысатын өзбекстандық ең ірі компаниялардың бірі — «Global textile» компаниясы биылдан бастап Қазақстанның Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының нарығында жұмыс істеуге кірісті.
    Кәсіпорынның негізгі мақсаты — Мақтаарал ауданында 2 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтитын 5 ірі кәсіпорынды іске қосу. Ол үшін 2023-2027 жылдарға арналған «Global textile. Turkistan» жобасы дайындалды. Құны 45 миллион долларды құрайтын жоба аясында логистика хабы, мақтаны бастапқы өңдеу зауыты, трикотаж мақта фабрикасы, мата бояу фабрикасы және тігін фабрикалары іске қосылады.
    Биылдың өзінде аталған компания Мақтаарал ауданында шаруалардан 10 мың тоннаға дейін мақта қабылдауға ниет білдіріп отыр. Ол үшін Мырзакент кентінде компанияның кеңсесі ашылған.
    Апта басында «Global Textile» компаниясының ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ауыл әкімдері, шаруалар және кәсіпкерлерден құралған бір топ делегация Өзбекстан Республикасы Ферғана облысындағы компанияның кәсіпорындарына барды.
    Іссапар бағдарламасы бойынша делегация көрші елдің ауылшаруашылық саласында, оның ішінде мақта өсіру бойынша қолданыстағы озық технологиялармен танысты. Оның ішінде егіс алқаптарын тамшылатып суару, мақта зиянкестерімен күресу және дала жұмыстарын ұйымдастыруға арналған «планадо» жүйелерінің жұмысына куә болды.
    Сапар аясында «Fergana Global Textile» және «Global Textile Infinity» кәсіпорындарына экскурсиялар жасалды. Өндірістің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы мен ауқымы, соңғы үлгідегі жабдықтар, заманауи зертханалар делегация мүшелерін тәнті етті.
    «Түркістан облысында «Global Textile» бизнеске сауатты көзқарасымен және шаруаларға қолдау көрсетуімен жақсы беделге ие. Бірақ, біздің бұл сапарымыз күткенімізден де асып түсті. Олардың мақта өндіру, текстиль саласын дамытуда тәжірибесі мол. Өзбекстандық компаниямен ынтымақтастығымызды арттыра отырып, Қазақстандағы мақта шаруашылығын жаңа деңгейге көтереміз деп сенемін» — деді, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Талғат Қаленов.
    «Global textile» компаниясы мақтаның шитінен бастап жіп иіру, мата тоқу, киім тігуге дейінгі аралықтағы кластерді толық қамтитынын, қазіргі уақытта компанияның Ташкент қаласы мен Ферғана облысындағы 15-ке жуық кәсіпорындарында жалпы саны 5 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.