Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 1,1 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 1,1 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

20.07.2023
Түркістан облысы әкімдігінде «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» АҚ-ның биыл алғашқы жартыдылдықта атқарылған жұмыстары сараланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған корпорацияның жұмысын жандандыру, қаржыларын өңір экономикасына нақты табыс әкелетін жобаларға бағыттау жөнінде тапсырма берді. «Ауыл аманаты» жобасын сапалы жүзеге асыру, Түркістан қаласы аумағында «Азық-түлік белдеуін» қалыптастыру бойынша жұмысты ширату, нақты жұмыс істейтін кәсіпкерлерді тарту жөнінде де міндеттер жүктеді.
– Үлкен жобалар бойынша жүйелі жұмыс жоқ. Шашыраңқы жоспарлар көп. Жұмысты күшейтіңіздер. Тиімсіз жобалардан бас тартып, нақты жұмыс істейтін кәсіпкерлермен әріптестік орнатыңыздар. «Ауыл аманаты» бағдарламасын жандандыру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» акционерлік қоғамы, аудан, қала әкімдері, жауапты басқарма басшылары түсіндіру жұмыстарын, тұрғындарды үйлестіру жағын реттеу керек. Бірлесе жұмыс атқарыңыздар. Жыл қорытындысымен қаржы игерілмесе, жауапты тұлғалардың қатаң жауапкершілігі қаралатынын ескертемін, – деді Дархан Сатыбалды.
«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Файзулла Байдуллаевтің айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 7,9 млрд. теңгенің өтініштері қабылданған. Оның ішінде мақұлданған жобалар – 5 млрд. теңгені, қаржыландырылған жобалар 1,1 млрд. теңгені құрап отыр.
Тұрақтандыру қорына 2022 жылы 1,0 млрд. теңге және 2023 жылдың ақпан айында 3,4 млрд. теңге бөлінді. Оның 4,4 млрд. теңгесі «Айналым схемасы» бойынша жұмсалып, бағаны тұрақтандыруға бағытталған. Тұрақтандыру қорындағы өнімдер 2022 жылы 19 сауда нүктесінде (13 әлеуметтік дүкен, 6 супермаркетте) сатылса, қазір 50 сауда орнында сатылуда. Осы жылдың аяғына дейін бұл көрсеткішті 80-ге жеткізу жоспарлануда. Түркістан қаласының келбетіне лайық, көлемі 50 шаршы метрді құрайтын жаңа әлеуметтік дүкендердің санын 50-ге жеткізу жоспарлануда. Бүгінгі күні 19 әлеуметтік дүкеннің құрылысы аяқталып, 10-ы пайдалануға берілген.
Жиында «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» АҚ-ның құрамындағы қаржылық ұйымдардың көрсеткіштері, құрылыс, ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларының барысы туралы айтылды. Бүгінгі таңда жалпы құны 35,6 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылуда. 2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның таза табысы 480,0 млн. теңгені құрады. Жыл қорытындысы жоспар бойынша 1,5 млрд теңгені құрайды деп күтіліп отыр.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.