Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Экономика»КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ ӨРІС
    Экономика

    КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ ӨРІС

    08.08.2023
    Төлеби ауданы – аграрлы аймақ. Аудан халқының негізгі күн көрісі – мал және егін шаруашылығы. Өңірдің табиғи мүмкіндіктерінің өзі ауыл шаруашылық саласын дамытуға қолайлы болғандықтан, мал басына қатысты асыл тұқымды малдың үлес салмағын, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Бұл бағытта мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бюджеттен тікелей субсидиялауды қолға алған.
    Аудан шаруалары мемлекет қамқорлығының нәтижесінде істерін ілгерілетіп, шаруасын дөңгелетіп отыр. Айта кететіні, несиелендіру саласында кіші және орта бизнесті дамыту үшін жалпы қаржыландыру көздерінен 2023 жылдың басынан 5650 жеке азаматтарға 3 млрд 970 млн теңгеге несие берілді. Оңын ішінде ««Оңтүстік» АИО» ЖШС және «Ырыс» МКҰ арқылы 99 млн теңгеге 14 жоба қаржыландырылды.
    Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп, бүкіл Қазақстан бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.
    Пилоттық жоба аудан аумағында да жүзеге асып, «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру мақсатында 4 тамыз 2023 жылы аудан әкімінің №106 өкіміне сәйкес, жұмысшы топ құрылды. Топ құрамындағы қызметкерлер
    халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттырып, тұрғындардың орташа табысын өсіру жолында Киелітас, Көксәйек Бірінші Мамыр, Қаратөбе ауылдық округтерінде жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде, 24 азамат бұл жобаның игілігін көруде. Ауданға қарастырылған қаржы 530 млн болса, 130 млн қаржысы жоба иелеріне аударылуда. Ауыл халқы жоба негізінде мал шаруашылығын дамытуда.
    Бұған қоса, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өз бизнесін бастағандарға 400 АЕК немесе 1 млн 380 мың теңге шеңберінде қайтарымсыз гранттар бөлінді. Аудан тұрғындары арасында қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар саны артуда. 2022-2023 жылдар аралығында ұлттық жоба шеңберінде 218 жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар берілді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.