Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ МАҚСАТЫНДА ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ МАҚСАТЫНДА ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

    08.09.2023
    Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әлемге әйгілі ірі компаниялармен тығыз жұмыс істеу, олардың тәжірибесін Түркістан өңірінде енгізу, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тапсырма берген болатын.
    Осыған сәйкес, тамыз айының 25-29 күндері аралығында Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова бастаған арыстық делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барды.
    Шетелдік инвестицияларды тарту, іскерлік әріптестікті нығайту және өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында аттанған делегация құрамында әкімдіктің сала басшылары мен қаламыздың ірі кәсіпкерлері барды.
    Сапардың алғашқы күні делегация ҚХР-ның Чжэнжоу қаласында орналасқан қағаз өндіретін зауыт жұмысымен танысты. Аталған зауыт тәулігіне 20-50 тоннаға дейін қағаз өндіруге қауқарлы. Шара барысында арыстық кәсіпкерлерге өз саласында көшбасшылардың бірі саналатын кәсіпорын технологиясы таныстырылды. Одан кейін делегация ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге арналған құрал-жабдықтар шығаратын зауыттың жұмыс барысы мен технологиясымен танысып, аралап көрді.
    Іссапардың екінші күні Нингбо қаласында орналасқан «Haitian Group» компаниясының екі өндірістік зауыты таныстырылды. Аталған зауыт пластикалық және алюминий өнімдерін өңдеу арқылы түрлі құрал-жабдықтар шығарады. Бірегей зауыттың технологиялық мүмкіндіктері көрсетілді.
    Бұдан кейін сапар Цзиньхуа қаласында жалғасты. Бұл қала Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы қала аймағы әрі шығыс Қытайдағы ірі логистикалық орталық саналды. Делегация «Zhejiang Navas Industry and trade Co., Ltd.» зауытына барды. Аталған кәсіпорында алюминий радиаторлары, газ қазандықтары мен жылы еденге арналған коллектор өнімдерін шығаратын көшбасшы зауыттың бірі саналады.
    Іссапар барысында Арыс қаласының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылған жан-жақты кездесулер өткізілді. Арыс қаласының жергілікті кәсіпкерлері қағаз өнімдерін өндіру, пластмасса өңдеу, тұрмыстық қажеттіліктерге арналған өнімдер шығару сынды зауыттарға қызығушылық танытып, дәл осындай кәсіпорындарды Арыс қаласынан ашуға ниетті екендерін білдірді.
    Қала әкімі Гүлжан Мамытқызы шетелдік инвесторларға Арыс қаласының тоғыз жол торабында орналасқанын, «Орта Азия қақпасы» аты бар қаланың инвестицияға өте қолайлы екендігін жеткізді. Нәтижесінд, жылыту радиаторларын, газға арналған қазандықтар мен жылы еден коллекторларын шығаратын әйгілі «Zhejiang Navas Industry and trade Co., Ltd.» зауыты 10-12 қыркүйек күндері Түркістан облысына келіп, қаланың инвестициялық мүмкіндіктерімен танысатын болып келісілді.
    Сонымен қатар Арыс қаласының кәсіпкерлері басқа да қытайлық зауыттармен бірлесе жаңа өндіріс орындарын ашу бойынша келісімдер жасады.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.