Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА «ӨМІР БҰЛАҒЫ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАНДА «ӨМІР БҰЛАҒЫ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

    10.10.2023
    Елімізде 1 шілдеден бастап адамның туылғанынан жалпы өмірлік циклы бойынша мәселелерін реттейтін Заңнамалар жиынтығы Әлеуметтік кодекс күшіне енді. Оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту техникалық құралдарының түрлерін кеңейту, сапасын жақсарту секілді жүйелерді транформациялануда.
    Түркістан қаласында мүгедектігі бар балаларды тәрбие және оқумен қамтамасыз етуге арналған «Өмір бұлағы» оңалту орталығы ашылды. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, ҚР Еңбек және әлеуметтік көмек комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев қатысты.
    Облыс әкімінің орынбасары құттықтау сөзін арнап, оңалту орталығының тәрибеленушілеріне сыйлықтар үлестірді. Сондай-ақ көрсетілетін әлеуметтік қолдауларға тоқталды.
    — Жаңадан қабылданған Әлеуметтік кодекске сәйкес ірі интернат үйлерінен шағын әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына кезең-кезеңмен өту жоспарлануда. Әсіресе, ауылды жерлерде қызметтерді алуға қолжетімділікті арттырады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен еліміздің 7 өңірінде пилоттық жоба іске қосылды. Бұл тізімге Түркістан облысы да енгізілген. Бүгін ашылып жатқан шағын орталық осы пилоттық жоба аясында іске асырылып отыр. Бұл шағын үй мүмкіндігі шектеулі 20 баланы қабылдай алады. Балалар өз үйіндей сезінуі үшін жан-жақты жағдайлар қарастырылуда, – деді Ермек Кенжеханұлы.
    Шараға қатысушылар мұнан соң ерекше балалар дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, өнерпаз бүлдіршіндерге талантына тәнті болды. Әрі қарай арнайы бөлмелерді аралап, танысты.
    Әлеуметтік қызметтер екі жағдайда – жартылай стационарлық және күндіз үйде көмек көрсету бойынша ұсынылып келеді. Бүгінгі таңда облыс бойынша 8 мыңнан астам адам арнайы қызмет түрлерімен, оның 6 пайызға жуығы 5 үкіметтік емес ұйымдар арқылы қамтылуда. Ал Түркістан қаласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін екі ұйым жұмыс істейді.
    Әлеуметтік саладағы стандартқа сәйкес балаларға кепілдендірілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі және адам басына шаққандағы нормалары енгізіледі. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің жаңа стандарттары әзірленді. Қазіргі таңда адам басына шаққандағы нормалар шешілуде, ол өз кезегінде әлеуметтік қызмет көрсету саласына жеке секторды тартуға ықпал етеді.
    Пилоттық жобаның нәтижелеріне қарай 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша қызмет көрсету мен оның құнын төлеудің жаңа тетігі енгізілетін болады.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.