Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»АЛДАҒЫ ЖЫЛДАРЫ АРЫСТА 6 МЕКТЕП ПЕН 5 БАЛАБАҚША САЛЫНАДЫ
    Аймақ

    АЛДАҒЫ ЖЫЛДАРЫ АРЫСТА 6 МЕКТЕП ПЕН 5 БАЛАБАҚША САЛЫНАДЫ

    10.10.2023
    Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалалық Мәдениет үйінде Арыс қаласының тұрғындарымен кезекті кездесуі өтті. Бұған дейін, 6 ауылдық округте болып, ондағы өзекті мәселелерді талқылаған әкім, Арыс тұрғындарына қорытынды есеп берді.
    Арыс қаласында білім саласында жағымды жаңалықтар көп. Биыл Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы негізінде «Тараз» тұрғын ауданынан 600 орындық мектеп құрылысы басталды. Келесі жылы дәл осы бағдарлама шеңберінде «Наурыз» тұрғын ауданынан 900 орындық мектеп салынады.
    Бұдан бөлек, Отырар тұрғын ауданынан 600 орындық мектептің, және И.Журба мектебінде 300 орындық қосымша корпустардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер есебінен Онтам тұрғын ауданынан 150 орындық, Арыс қаласы Төлеби көшесінен 300 орындық, Алатау тұрғын ауданынан 600 орындық мектеп салынады.
    «Жалпы, алдағы жылдарда жаңадан 6 мектеп пен 5 балабақша ашылады деп жоспарлануда. Осылайша, 3700-ден астам оқушыға жағдай жасалады», — деді Гүлжан Мамытқызы.
    Жалпы биыл, қала мен ауылдарда оқитын бастауыш 1-4 сынып оқушылар 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
    Бұдан бөлек, жиында ауыз су жүйелерін жаңарту, инфрақұрылымды дамыту, қала көшелеріне ағымдағы жөндеу жүргізу мәселелеріне жеке тоқталып өтті.
    Атап айтқанда, қазіргі таңда Арыс қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында:
    — Арыс қаласына дейінгі суаққы құрылысы;
    — Саяжай-1, Саяжай-2, Саяжай-3 тұрғын ауданының ауыз су жүйесінің құрылысы;
    — Көктем-1, Көктем-2 тұрғын ауданында су мұнарасы мен су сорғы станциясының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

    22.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «REPUBLIC DAY» ЖӘНЕ «BEREKE FEST» АКЦИЯЛАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

    22.10.2026

    «АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

    21.10.2026

    АКАДЕМИК ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

    21.10.2026

    Түркістан облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр

    21.10.2026

    СДЕЛАНО В МЕГАПОЛИСЕ: В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ВЫСТАВКА МЕСТНОЙ ПРОДУКЦИИ

    21.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМДЕРДІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

    21.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    21.10.2026

    Shymkent FIRST Scrimmage 2026

    21.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.