Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: БЕС ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ҰСТАЗ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: БЕС ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ҰСТАЗ

12.10.2023

Қазақта «Түйір нан – тамшы тер» деген керемет ұғым бар. Еңбектену үшін мол ізденіс, ал іздену үшін өз мамандығыңды шексіз сүюің қажет. Сүйікті мамандығының иесі ғана алдағы мақсат-мұраттарына сүрінбей жетері сөзсіз. Түркістан қаласындағы №9 Некрасов мектеп-гимназиясының білікті ұстазы Байметова Гавхар Айдаралиқызы осындай ізденісі мол жандардың бірі.

Гавхар бес тілде, атап айтар болсақ қазақ, өзбек, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін полиглот ұстаз. Ол аталмыш мектепте 13 жылдан бері ағылшын тілінен сабақ беруде. Бүгінде қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамда объективті әрекет пен шығармашыл тұлғаға сұраныс мол, сол себепті қазіргі таңда білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылып жатқаны белгілі. Ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты – күнделікті өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас орната алу негіздерін қалыптастыру екенін айқын түсінетін мұғалімнің ағылшын тілін үйретуінің де өзіндік тәсілі бар. Оқу бағдарламасына жыл сайын өзгерістер енгізіліп жатқанын назарда ұстайтын ұстаз қазіргі қарқынды дамудан, дәрісті жаңаша үйрету дағдысынан қалысар емес. Халықаралық Кембридж университетінің ТКТ Module 1, TKT:CLIL емтихандарының Band 3 иегері Гавхар Айдаралиқызының оқушылардың жан–жақты дамуы, заманауи және сапалы білім алуы, өмірде зор нәтижелерге қол жеткізу үшін ағылшын тілін үйрету тәсілі көпке үлгі.

«Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет». Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдік аренада тіліміздің мәртебесін көтеру үшін тілді қастерлеуіміз қажет. Тіл мәртебесіне қатысты көп мәселелер өз деңгейінде көтерілуде. Ұлттың ұлт болып қалуы үшін де ана тілінің қолданысын нығайту қажет.

«Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте» деп қазақ ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай, ана тілін, туған жерін, елін, Отанын, сүйген әрбір білімді азамат өзге тілді үйренуге құштар болып, сол тілге құрметпен қарауы тиіс деп ойлаймын. Расында, қандай әдемі айтылған. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық болмысын, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады емес пе? Сондықтан өз ана тілінде таза сөйлеу оны жақсы білу әрбір көзі қарақты пенденің парызы.

«Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тіліңді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз», – деп тұңғыш президент айтқандай тіліміздің абыройын арттыру баршамыздың міндетіміз болып саналады. Тәуелсіз Қазақстанды дамыған өркениетті елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі білім қуған жастар деп білемін. Өзінің тілін, тарихын жетік білген жастар қайда жүрсе де абырой биігінен көрінері сөзсіз. Олай болса ана тіліне деген құрмет керек. Тілді құрметтеуді әркім өз отбасынан бастау кажет», – деп бөлісті тұшымды ойымен Гавхар мұғалім.

Айтса айтқандай, жастардың бойына тілге, еліне деген сүйіспеншілікті, патриоттықты сіңіру мақсатында іс-шаралардың жан-жақты атқарылып жатқаны белгілі. Айта кетейік, сол шаралардың бірі – ҚР Мәдениет және спорт министірлігі «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар» жоспарына сәйкес, этнос өкілдерінің қатысуымен қазақ тілін этносаралық қатынас тіліне айналдыру, өзінің ана тілімен қатар қазақ тілін жетік меңгеру, оның қолданыс аясын кеңейту, жетік меңгерген азаматтарды үлгі ету, олардың санын көбейту мақсатында ұйымдастырылып жатқан ауқымды шаралар осының дәлелі.

Н.НАЙБҰЛЛАҚЫЗЫ.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.