Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ҮЗДІК ҮЛГІ КӨРСЕТКЕН ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
    Аймақ

    ҮЗДІК ҮЛГІ КӨРСЕТКЕН ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

    13.10.2023

    Халқымыздың «аузын ашса жүрегі көрінеді» деген тәмсіл сөзі бір көргеннен бауырмашыл қасиетімен баурап алған Минираға да арналып айтылғандай. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей, бүгінгі жазбамызда ақжарма мінезімен бізді қайран қалдырған Минира туралы ой толғамақпыз.

    Минира 1962 жылы 16 шілдеде Түркістан қаласында туылған. Ресей елінің Кемеровск мемлекеттік университетін бітіріп, математика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан. Өзі түлеп ұшқан алтын ұясы – Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясында математика пәнінен сабақ беріп жатқанына да 35 жыл болыпты.  Минира Осы жылдар аралығында оқытудың жаңа мазмұнын жасап, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша пайдаланудың тиімді екенін өзінің іскерлік қабілетімен көрсеткен ұлағатты ұстаз.

    Раджапова Минира республика, облыс, қала көлемінде педагогикалық шеберліктің жоғары үлгісін көрсеткен өз ісінің  майталманы. Атап айтсақ, 2014 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Мектеп» журналының Оңтүстік Қазақстан облысындағы талантты педагог қызметкерлерді анықтау және ең тиімді жұмыс жасайтын мұғалімдердің озық  іс-тәжірибелерін тарату мақсатында ұйымдастырған «Үздік мұғалімнің үздік сабағы» байқауына қатысып, үздік ашық сабақ үлгісін ұсынып, үлес қосқаны үшін және облыс көлеміне таратылатын кітапқа енгені үшін марапатталды. Сонымен қатар, облыстық  білім басқармасы, қалалық білім бөлімі тарапынан бірнеше дүркін алғыс хаттар мен мақтау грамоталарын алған жоғары санатты ұстаз. Педагогикалық еңбек жолында 1996-2004 жылдар аралығында мектеп директорының орынбасары қызметін де абыроймен атқарған.

    Минира  мектептен тыс іс-шараларды да жандандыра жүргізеді. Атап айтсақ, «Математикалық шайқас», «КВН», «Айтыс», «ХХІ ғасыр  көшбасшысы» жәнет т.б. тақырыптарда  өткізген  сабақтан тыс сағаттарында  миға шабуыл, логикалық пікір, математикалық викторина, ойға саяхат, жобалау, көзбен шолу сияқты интерактивті әдістерді өте жоғары деңгейде  қолдана білді.  Оқушылары жыл сайын өткізіліп жүрген  дәстүрлі республикалық «Ақбота», «Кенгуру»  білім сайыстарына белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.  Математика пәнінің жоғары санатты ұстазы шығармашылықпен жұмыс жасайды. Оның бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықпен ізденген еңбегінің жемісі.

    Өте ізетті, инабатты, мәдениетті, мейірімді Минираның бойынан қазақы тәр¬биені байқауға болады. Өзге ұлт өкілі бола тұра, қазақ тілін туған ана тілінің егізіндей қатар алып, бала кезінен мемлекеттік тілде  сөйлеп өсіпті. Содан болар,  мақал-мәтелдің майын тамызып, сөздің шырынын ағызып сөйлейді. Қазақ тіліне деген құштарлығы қазақша әдебиеттерді көп оқуынан да байқалады.

    -Мен Некрасов атындағы №9 мектеп-лицейде 10 жыл білім алғанмын. Жоғары оқу орнын бітіріп келісімен, алғашқы еңбек жолымды да өзім түлеп ұшқан  білім ошағынан бастадым. Міне, сонау 1987 жылдан бері Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясында еңбек етіп келемін. Шынымды айтсам, өмірімнің 43 жылдан астам уақытында бір дарбазадан кіріп-шығамын. Олай дерім, үйімнің дарбазасы мен алтын ұя білім ошағымның дарбазасы ортасында өміржолымның өрнегі қаланды.

    Біз жанұямызбен 4 тілді еркін меңгергенбіз. Өйткені әкем татар, анам башқұрт болғандықтан, бұл екі тілді  өз ана тіліміз ретінде біліп өстік. Қазақ елінде өмір сүріп жатқандықтан, бала кезімнен қазақ тілін білуге құмарттым. Ал, мектепте орыс тілінде білім алдым.  Мектеп қабырғасында қазақ тілінен сабақ берген ұлағатты ұстазымыз Тілеуберген Тілемесұлына алғысым шексіз. Бізге қазақ тілінің бай орфографиясын түсіндіріп,  мемлекеттік тілде таза акцентсіз сөйлеуімізді қадағалап отыратын. Шынында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін Тілеуберген ағай керемет түсіндіретін. Біздің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігімізді арттырып, қолымыз бос уақытында көркем әдебиет оқуымызды талап ететін.

    Содан да болар, бүгінде барлық жанмен  қазақша сөйлесемін. Тіп¬ті, мені татар қызы деп ешкім ойла¬май¬ды. Қазақ деп ойлап қалады. Өзге тілде сұраса да, қазақша жауап беремін. Себебі біз осы елде туып өстік. Отанымыздың гүлденуі үшін қазақ тілінің болашағына бейжай қарамауымыз керек. Әрбір жас қанша көп шет тілін білсе де, мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп жүруі керек деп ойлаймын

    Менің қазақ достарым өте көп болды. Солардың бірі әрі бірегейі Несіпкүл Өтебаевамен 30 жылдан бері тонның ішкі бауындай араласып, сыйласып келеміз. Шынында, Несіпкүл екеуміз шынайы дос болдық. Мінезі өте жақсы, мәдениетті, парасатты  досым болғанын мақтаныш етемін.  Несіпкүл екеуіміз жұмыста да, жұмыстан тыс жеке өмірімізде де өте тығыз араласып, әрдайым біргеміз,- деп жан досы, ұлағатты ұстаз  Несіпкүл Өтебаева  жайлы әсерленіп, шынайы толқыныспен айтқанда Минираның  өн-бойынан мақтаныш сезімі есіліп тұрды.

    Минира жолдасы Жәудат екеуі бір ұл мен бір қызға өнегелі тәрбие беріп, өсірді. Үлкен қызы Эльвира тұрмысқа шығып, бір қызы мен бір ұлы бар. Ұлы Фарид 1994 жылы туылған.

    – Туған  Отаным – Қазақстанның өркендеуіне жас ұрпақтың бойына сапалы білім, өнегелі тәрбие берумен   өз үлесімді қосып келемін.  «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қазақ халқы. Менің бойымдағы бауырмалдық, жомарттық  қасиеттері жергілікті қазақ халқынан дарыған, – деп ағынан жарылған татар қызы Минирамен тіліміз де, тілегіміз де бір болып шықты.

    Бұл сірә, еліміздегі ынтымақ пен ұлтаралық достастықтың жемі¬сі болса керек.

    Л.САРЫБАЕВА

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.